Өркениет

Мейрамбек Беспаев шоу-бизнестегі "ұятсыз" әншілер туралы айтты

  • © ON.KZ

    © ON.KZ

Хабар арнасындағы "Тікелей эфир" бағдарламасына келген Мейрамбек Беспаев бүгінг көгілдір экрандағы кей әріптестерінің киім киістері мен әндеріне көңілі толмайтынын айтты. Әнші тіпті оларды "орыс тілді және қазақ тілді, ұяты бар және ұяты жоқ әншілер"деп бөліп қойғанын да жасырмады.


"Өздеріңіз көгілдір экраннан не болып жатқанын көріп жүрсіздер ғой. Бұрындары өзіміз сол қазанда қайнап жүргеннен кейін, аса мән бермейтінбіз, өнер адамы деп қарайтынбыз. Қазір әке болып, бала -шаға тәрбиелеп отырған соң, ол немен сусындап жатыр, біз қалай тәрбиелеп жатырмыз, біздің экран не көрсетіп жатыр деп қадағаласам көпшілік қазір ән тыңдайды. Осындай шоу -бағдарламалар өте керек. Оған көбінесе эстрада жұлдыздары қызығыушылық танытады, біздің де бала -шағамыз көреді. Содан тәрбиелік мәні бар ма, жоқ па деп қарап "ұятсыз әншілер" мен "ұятты әншілер" деп бөлуге тура келді",- деді ол.


Ұятсыз деген- ашық -шашық, қалай болса солай киініп жүретіндер. Олар бұл заманда бұл сән, еркін болайық деп "әдемі" тәрбие беріп жатқандай көрінді. Содан кейін мен бөліп қойдым оларды. Шама келсе көрсетпеуге тырысамын, бала -шағамызбен көруге ұялатын болдық қазір. Қолыңда билік болмаған соң, сөзің өтпейді. Мысалы, көршілес тұрған Өзбекстанды алып қараңыздар, ол жерде көркемдік кеңессіз бірде -бір әнші теледидардан көрсетілмейді",- деп ағынан жарылды ол.


Еске салсақ, 8 қараша күні Мейрамбек Беспаевтың сахнада жүргеніне 30 жыл толуына орай жеке шығармашылық кеші өтеді. 


Nur.kz




Көрілген: 1731    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 15:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30