Өркениет

Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқанын мойындады (видео)

  • © 365info.kz

    © 365info.kz

Өнер адамдарына жанұялы болу мен отбасын сақтап тұрудың өте қиын екенін, олардың өздері де мойындайды. Мысалы, осы күнге дейін жеке өміріндегі жайсыз жайтты жасырын ұстап келген Мөлдір Әуелбекова, ұлының әкесімен дәм-тұзы жараспағынан растады.


Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.


Өкінішке орай, бұл жарасымды жұп бүгінде бірге емес. 2015-те отау құрған екі жастың, бір жарым жылдан соң жанұясы ыдыраған.


“Қазіргі таңда маған ең көп қойылатын сұрақ, жеке өмірге байланысты. Сіздер ажырастыңыз ба? Ажырасқаныңыз рас па? Бала қайда?” – дейді Мөлдір.


Иә, Әуелбекова жұбайы Арыстанмен ажырасыпты. Баласы бес айға толған шақта отағасы отбасын тастап кеткен көрінеді. Сол уақыттан бері ұлы Салтайды әкесі де, әжесі де іздеп келмеген.


“Ешкіммен кездеспейді. Ешкім де баланы іздемейді. Солай енді басымыздан өтіп жатыр. Енді мен оны не істеймін? Тағдыр болғаннан кейін көнемін. Балам үшін әрі қарай өмір сүремін”, – дейді Әуелбекова.


Бір жарым жыл бойы бұл жаңалықты жария қылмауының себебі де сол. Баласының болашағына алаңдаған ана, жанұясындағы жағдайды жұрттан жасырын ұстап келгенін айтады.



“Бәрібір балаға кесірі тимесе екен деп көбінесе ұлымды уайымдаймын. Оны айтқаннан кейін ғаламтор бар ғой қазір. Ертең бала өскеннен кейін, оны көреді. Неге олай болды деп көңіліне кірбің түседі. Мен қазір отырып алып, ол бүйтті-сүйтті, ол тастап кетті, ол былай болды деп айтып отырғаннан, ешкімнің ештеңесі кетпейді. Ертең тоқ етерінде балам қиналады”, – дейді Мөлдір.


Мөлдір жеке өміріндегі келеңсіздіктен кейін, күйзелісті де бастан кешкен. Бірақ тыңдарманның қолдауы мен өнерге деген құштарлық жас келіншектің жігерін жанши алмапты.


“Көрерменіме айтарым, уайымдамаңыздар. Қандай жағдай болмасын мен бақыттымын. Менің ұлым бар, ата-анам қасымда, бауырларым бар”, – дейді Әуелбекова.



365info.kz

 




Көрілген: 1583    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 12:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30