Өркениет

Мөлдірге қарағанда қыздарым менімен жақсы сөйлеседі - Тұрсынбек Қабатов

  • Мөлдірге қарағанда қыздарым менімен жақсы сөйлеседі - Тұрсынбек Қабатов

    Мөлдірге қарағанда қыздарым менімен жақсы сөйлеседі - Тұрсынбек Қабатов

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы "The Эфир" жобасының қазақ тіліндегі нұсқасын қолға алып, бірінші сұхбатты белгілі әзілкеш, асаба, КТА ұйымдастырушысы Тұрсынбек Қабатовпен өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат барысында Тұрсынбек өз отбасы жайлы айтып берді.


"Отбасыммен бірге көпқабатты үйде тұрамын, ал бұрыннан қалған зәулім үй қаңырап бос тұрмасын деп "ММ өнер-білім мектебін" аштық. Мөлдір, әрине, бірден келісе қойған жоқ, себебі бұрындары ондаймен айналысып көрмеген. Мөлдір оны өзі басқарады, қазіргі уақытта өз орнымен келе жатыр. Ал қыздарым жайлы айтар болсам, мен қыздарымның құлағын әлі тестірген жоқпын, үш қызда да сырға жоқ. Кейін қыздарымызды ұзататын кезде "Сырға салу" салты кезінде осы рәсімнің тұңғыш рет болғанын қалаймын. Күйеуге шыққаннан соң да тағып үлгереді ғой. "Дискотека" дегенге мүлдем рұқсат жоқ. Ел қатарлы заманауи киінгені дұрыс, бірақ шектен тыс болмасын. Сосын мен үшеуіне де қазірден бастап айтып жатырмын: "Өзім жігіт тауып беремін". Қыз балалармен жақсылап сөйлескен дұрыс, себебі көптеген нәрсе айтылмағандықтан болады. Сосын жүреді "Жігітім жол апатынан қаза тапты" - деп. Әрқайсысымен жас деңгейіне байланысты сөйлесемін", - дейді Тұрсынбек.



Ләйлә Сұлтанқызының сұхбат барысында қойған "Рухани жаңғыру дегенді қалай түсінесің? деген сұраққа сұхбаттасушы былай деп жауап берді: "Рухани жаңғыру дегеніміз - "перезагрузка" ғой. Елдің бірігуі мақсатында істелініп жатқан шаралар, ұмытылып қалған салт-дәстүрлерді жаңғырту. Телеарналардағы домбыра ұстаған әншілерді көріп, сыбызғының үнін ести бастадық. Қазақ тіліндегі бағдарламалар, яғни, бір сөзбен айтқанда рухани құндылықтарға ден қоя бастадық. Бұл көз ашу, тарихқа, болашаққа көз ашу деген ұғым деп айтар ем", - деп қорытындылады Тұрсынбек Қабатов.




Көрілген: 1213    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 10.11.2017, 20:48

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30