Өркениет

Мойнына крест таққан Баян ренжіткен адамдарынан Оразада кешірім сұрады

  • © 365info.kz

    © 365info.kz

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Рамазан айының алғашқы күні өзі ренжіткен адамдардан кешірім сұрады. Алайда желі қолданушыларының кейбірі оның мойнындағы “крест” түріндегі алқасын бетіне басып, қатты сөкті.


Ақыры араға продюсердің қайын атасы Тұрым Алагөзов араласып, келінін өзінше ақтап алуға тырысты. Бірақ ол кісі келтірген дәйек желі қолданушылардың ашуын одан әрмен қоздырып жіберді.


«Қасиетті айдың алдында сөзбен, әрекеттеріммен және ойыммен ренжітіп алған адамдардан кешірім сұраймын», – деп жазды продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы жеке парақшасында мына суретін жүктеп.


Желі қолданушылар продюсердің кешірімін қабыл алып, ниетінің түзулігіне ризашылық білдірді.


Ал кейбірі қасиетті Рамазан айы туралы жазба жазған продюсердің мойнына «крест» түріндегі алқа таққанын сынады. Оған продюсердің қайын атасы Тұрым Алагөзовтің өзі жауап берді.


«Мен сенімен мақтанамын, қызым. Христиандардың кресін Тәңірдің белгісінен ажырата алмайтындарды кешір. Еңсеңді тік ұстап, батыл қадам бас. Адамдарды жақсы көріп, оларды сол қалпында қабылда. Біз екеуіміз және менің балаларым Байұлы руынан шыққанбыз. Сондықтан өзімізді өз істерімізбен қорғай аламыз. Тек Рамазан айында емес, әркез өзіңді ренжіткен адамдарды кешір. Олар не істеп жүргендерін білмейді. Және мені, кәрі күнәһарды да кешір. Мен өз балаларымды жақсы көремін және көзім тірісінде оларды қорғаймын. Сендер ұялатындай ештеңе жасаған жоқсыңдар. Алла барлығына сендердей жұмыс жасауды жазсын», – деп жазды Тұрым Алагөзов. 


365info.kz




Көрілген: 1658    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.05.2018, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31