Мұқағали Мақатаев жырларының ән-жыр байқауы өтеді

Мұқағали Мақатаев жырларының ән-жыр байқауы өтеді

 «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі 29-наурызда Қызылорда қаласында Мұқағали Мақатаев жырларының ән-жыр байқауын өткізеді. «Бұл байқаудың мақсаты: еліміздің бейбіт аспаны аясында балалар мен оқушылардың болашағына жол ашу. Ақиық ақын талантын оқушы жүрегіне ұялату, оқушылардың интеллектуалды шығармашылығының дамуына, рухани байлығының жоғары болып, жан-жақты азамат болып қалыптасуына үлес қосу. Балалардың өнерін, көркем туындыларын еліміздің тарихының жаңа беттеріне жаза отырып, балғын шағы мен мектеп кезеңі жайлы ұмытылмас естелік қалдыру. Ұстаздардың оқушылырмен байланысын одан әрі дамыту. Ұстаздарға, тәрбиешілерге, оқушыларға Отанымыздың басқа өңірлерінен жаңа достар табуына және тәжірибе алмасуына ықпал ету», - дейді ұйымдастыру комитетінің мүшесі Қанымай Мұстафаева. Оның айтуынша, шығармашылық сайыста үміткерлер мына жанрлар бойынша бақ сынайтын болады: М.Мақатаев өлеңдерін оқу (көркем сөз - өлең, әңгіме); М.Мақатаевқа арнаған өлеңін оқу (авторлық шығарма), М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындау (ән, жыр, терме). Байқау барысында сондай-ақ, қолөнер бұйымдары, көркемсурет, фотосурет, дизайн және жобалар көрмесі ұйымдастырылады. Жанрлар бойынша жеңімпаздар және жалпы балдары бойынша жеңімпаздар жас деңгейіне сай: төменгі (5-6 жас), кіші (7-10 жас), орта (11-14), жоғарғы (15-16 жас) топтар бойынша жеке-жеке анықталады.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста