Өркениет

Мұқағали музасы

9 ақпан – күллi қазақ сүйiп оқитын ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күнi. Осынау елеулi күннiң қарсаңында 5-ақпанда Қазақстан Жазушылар одағында ақынға арналған поэзия кешi болып өттi.

ОДАҚТА ӨЛЕҢ ОҚЫЛДЫ

Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан бұл кештiң ерекшелiгi–онда әдебиетке жаңа келiп қосылып жатқан талантты жас ақындар алдымен Мұқағалидың бiр өлеңiн,артынан өз өлеңдерiн оқуға мүмкiндiк алды. Сондай-ақ кеш барысында Мұқағалидың сөзiне жазылған белгiлi сазгерлердiң шығармалары да орындалды. Жас қалам иелерiнiң жыр мерекесiне ұласқан көркем кештi Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин құттықтау сөз сөйлеп,салтанатпен ашты.

Мұқағали поэзиясынан сусындап келе жатқан Тоқтарәлi Таңжарық, Бағдат Мүбәрәк, Ерлан Жүнiс,Ерғали Бақаш,Қанат Тiлеухан,Талапбек Тынысбекұлы, Жанар Әбсадық, Динара Мәлiкова сынды жас ақындар өлеңсүйер қауымды тың дүниелерiмен таныстырды.

* * *

«БҮГIН МЕНIҢ ТУҒАН КҮНIМ...»

9 ақпан күнi Республика сарайында кешкi сағат 19.00-де Мұқағали Мақатаевтың туған күнiне арналған «БҮГIН МЕНIҢ ТУҒАН КҮНIМ» атты кеш өтедi.

Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Асқар Наймантаевтың ұйымдастыруымен өтетiн кешке қазақ өнерiнiң майталмандары мен эстрада жұлдыздары қатысады. Олар – Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiстерi: Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Рамазан Стамғазиев; «Мұқағали атындағы сыйлықтың» иегерлерi: Бекжан Тұрыс, Ұлықпан Жолдасов және «Каспий» тобы; танымал әншiлер: Майра Дәулетбақова, Ұлту Қабаева, Бекет Есентаев, Жанна Хамзина, Роза Әлқожа, Бақытқали Қонысбаев, Шаба, Дина Нұрахмет, Саят Әбдiғали, «Жiгер», «Жандос&Қайрат», «Хан-Тәңiрi», «Бойтұмар» топтары өнер көрсетедi.

Салтанатты кештiң соңында «Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықты» тапсыру рәсiмi өтедi.

* * *

ӘУЕ ТОЛҚЫНЫНДА –МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ!

Қазақ радиосы 9 ақпан күнгi эфирiн толығымен Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмiрi мен шығармашылығына арнамақ.

Бұл күнi Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынған ақынның өз даусымен оқылған өлеңдерi мен шығармаларына жазылған бiрқатар әндер тыңдармандар назарына ұсынылады. «Бүгiн менiң туған күнiм...» деген ортақ айдармен берiлетiн арнайы хабарлар топтамасында Мақатаев шығармашылығы жан-жақты зерделенiп,ақынның көзiн көрген қаламгерлер естелiк айтады.

Осындай жақсы үрдiстiң қалыптасуына мұрындық болып, жақсы бастаманы қолға алып отырған азамат–Қазақ радиосының Бас директоры,Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегерi, ақын Жүрсiн Ерман.




Көрілген: 1533    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 23.06.2011, 18:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30