Өркениет

Нағыз масқара: Жұбаныш Жексенұлы қазақ шоу бизнесіндегі былықты жайып салды

  • Фото: Алаш айнасы

    Фото: Алаш айнасы

Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы "Қазақ үні" газетінде жазылған мақаласда қазақ шоу бизнесі мен қазіргі әншілердің деңгейі туралы сөз қозғады. Айтуынша, бүгінгі күннің әншілердің деңгейі той-томалақтың төңірегінен әрі дамымай отыр деп жазады NUR.KZ.


Әншінің айтуынша, елдегі телевизия саласы да, шоу бизнес саласы да ақсап тұр. Тіпті тыңдармандар мен көрермендердің деңгейі де тым төмендеп кеткен, дейді әнші.


"Жоғары жақтан тапсырма бар ма, жоқ шын мәнінде арналардағылар арзандады ма, өңшең өресіз күлдіргі, саяз сатириктердің заманы туды. Танымы бар, ой қозғайтын бағдарламалар жоқтың қасы. Ойын-сауық, бос даңғаза... Сын айтсаң тағы, өкпелеп, жауығады… Өздеріне сенімді, ылғи «кәсіпқой». Үлкеннен имену, кішіден ұялу дегенді мүлдем білмейтін бір толқын келді. Соларды қоғам тағы, ұлықтап, қолдан «тұлға» жасауды әдетке айналдырған. Бір сөзбен айтқанда, Масқара! Кім не істеп жүргенін өздері білмейді (әсіресе осы шоу бизнес, әннің айналасында жүргендер). Осыдан кейін әнші болғаныңа ұялып, арлана бастайсың…


"Қоғамның да деңгейі сол, әнші-мәнші жайлы өсек теруден аспай қалды. Деңгейсіздік өте қатты белең алды… Осыдан біраз уақыт алдында Бибігүл Төлегенова апамызға инстаграммда өте сорақы пікірлер жазылды.. Сол кезде менің жалпы тыңдарманның ойлау деңгейі, мәдени деңгейі өте төмен екеніне көзім анық жетті. Төмен бе, жоқ әлде мүлдем жоқ па ? Көрген көз бен естіген құлақтан ұят. Айта берсең, мұндай мысалдарды мыңдап келтіруге болады. Қауіпті!", - деп сипаттайды ол қазіргі өнер әлемін.


"Иә, аға. Мұндай әңгімелер, ойлар айту өте қауіпті.. Көре алмайтын адам болып шыға келесің.

Айтатын әннің деңгейі той-томалақтың төңірегінде… Бірақ, образдары – ел мүддесін ойлап, шаршап жүрген тұлға! Өйткені ел, халықтың өзі сол әншісымақтарды қолдан «жұлдыз» етіп жіберді… Экранға елпілдеп, екі-үш рет шықса, мән-мағынасы жоқ «Бірлік болсын әлемде» дегенді аузы талғанша қайталағаннан басқа ешнәрсе айта алмаса да, аяғы талғанша секіре берсе, жетіп жатыр… Ертеңіне – «жұлдызсың».


Тіпті, сені одан кейін телеарналар мәнсіз, даңғаза шоу бағдарламаларына жүргізушілікке шақырады. Осындай, тек фонограммамен ғана елді алдап, ән айтатын, бірақ екі ауыз сөздің басын құрап сөйлей алмайтын «әншілерді» жүргізушілікке шақырып жүрген «Еуразия-1» сияқты телеарналардың «талғамы» туралы не айтуға болады.

Арзан күлкілі сайқымазақтар мен дәлдүріш әншілердің қаптап кетуіне еш таңдаусыз, талдаусыз, талғаусыз, сүзгіден өткізбей-ақ, эфирге шығара беретін көркемдік кеңесі жоқ телеарналар мен радиолардың да үлесі зор. Ең алдымен миллиондаған көрерменді аяу керек емес пе? Ұят тіпті…", - деп жазды Жұбаныш Жексенұлы. 




Көрілген: 9198    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31