Наурызда қандай ән-жыр айтылған?

Наурызда қандай ән-жыр айтылған?

Наурыз мерекесі 1926 жылы тойлануға тыйым салынып, 1988 жылы қайта жаңғырды. 1991 жылы 15 наурызда «Наурыз мейрамы – халықтық көктем мерекесі туралы» Қазақ КСР Президентінің Жарлығы шыққаннан кейін ресми мейрам болып танылған ұлтты ұйытқан ұлық күнде қандай ән-жыр айтылған? Ертеректе жаңа күн – Наурызға арнап әнші-композиторлар қандай ән-жыр арнаған? Қазір соларды айтып жүрміз бе?
Әрине, бұрынғы ән-жырлардан хаба­ры­мыз да жоқ. Дегенмен қазақтың ұлттық салт-дәстүрі барынша жаңғыратын, ба­рын­ша көрініс табатын күн Наурыз деп бі­ліп, бұл күні ақты мол қылып, дас­тар­қан­ды толтырып, Наурызға арналып шы­ға­рыл­ған жаңа әндерді шырқаймыз. Ұлыс­тың ұлы күнінде шырқалатын ән ретінде, ең әуелі, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жа­зылған Талғат Сарыбаевтың «Наурыз-ду­ман» әнін танимыз. Одан кейін де қан­шама әуезді әндер туып жатыр. Құдайға шүкір. Ал өнертанушы Ерлан Төлеутай Нұх пайғамбар заманымен байланысты Наурызда қазақ­тар өлең-жырдан кенде болмай, тұрмыс-салт жырларын шырқа­ғандығын айтады.
Ерлан ТӨЛЕУТАЙ, өнерзерттеуші, әнші:
Мәшһүр-Жүсіп бабамыз: «Төле би заманындағыдай кең ауқымды Наурыз бұрын-соңды тойланған емес», – дейді. Қазақ даласының климаттық жа­ғын есепке алсақ, Едіге билердің Арқаға көшкен кезі, күн суық. Сон­дық­тан Наурызды кең көсіліп тойлай ал­ма­уы мүмкін. Жетісу өлкесінде күн жы­лы­нады, Маңғыстау, Атырау өлкелерінде ке­ремет тойланатын болған. Әлі күнге дейін батыс облыстарында Наурызға дейінгі бір аптаны «көрісу» деп атай­ды. Сол уақытта олар бір-бірімен кө­рісіп, артық кетсе, кешірім сұрасады. Нау­рыз­да шырқалатын ән-жырға келсек, ис­лам діні қабылданғандықтан, жа­рапазан, Ал­ланы мадақтау жырларын, тұрмыс-салт жыр­лары, діни өлеңдер де айтылатын. Нау­рызда айтылған ерек­ше бәдік өлең бол­ған. Қыстан қал­ған ауру-сырқау, «бар­лы­ғы көшіп кетсін» деп бәдікті қуып, малдың бар­лығын жағылған оттың екі ортасынан өт­кізеді. Оны бүгінде медицина да дә­лел­деп отыр. Қыз бен жігіт айтысы міндетті түр­де болған. Ұлбикенің айтыстары сол Нау­рыз кезінде туған».
Кеңес уақыты болса да М.Дулатов, С.Дө­­нентаев, І.Жансүгіров сынды өзге де қа­зақ зиялылары «Еңбекші қазақ» бетте­рінде өз шығармалары арқылы Наурызды ел есіне салып тұрды. «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, нау­рыз­нама қыламыз деп той-тамаша қылады екен», – деген хакім Абай өзінің «Жазғы­тұ­ры» өлеңін Наурыздың келуіне арнаған десек, қателеспейміз:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Сірә, Абайдан асып жаңа күн – Нау­рыз­ды әс­петтеп жырлаған ақын жоқ па деп қа­ласың?! Ал қазақтың салт-дәстүрін зерт­теуге бүкіл ғұмырын арнаған этнограф ға­лым Сейіт Кенжеахметұлының еңбек­те­рін­де Наурызға баса назар аударылған. «Ата­мұра» баспасынан шыққан энцикло­пе­дия­сында ағамыз: «Бай ауыз әдебиеті үл­гі­ле­рі­нің бір түрі – Наурыз жыры. Жыр-өлең осы күнге лайықталып, мадақтау, ті­лек, бата, әзіл түрлерінде айтылады. Оның түр­лері халық арасында көп тараған. Нау­рызға арналған бұрынғы, соңғы ақын­дар­дың шығармалары да көптеп саналынады», – деп жазған. Демек, ғұрыптық өлең-жыр­дың қай жанрын болса да, Наурыз тақ­ы­ры­бына ыңғайлай айту әбестік емес. Ха­лыққа ерекше қуаныш сыйлайтын бұл кү­ні өкпе-назға орын жоқ, керісінше, халық ақындары мен айтқыштары өлең-жырларын суырып салып төгетін болған.
Ахмет атамыз «Әде­биет танытқыштың» «Ауыз әдебиет» бө­лімін сауықтама, сарын­дама деп екі са­лаға бөліп қарайды. Жоға­ры­да айтқан тұр­мыс-салт жырла­ры­ның өті­рік өлең, айтыс өлең, толғау, терме, тақ­пақ, той бастар, жар-жар, жарапазан, ба­та, дерт көшіру, құрт шақыру үлгілерінің бас­қа тойлар бө­лек, Наурызда да айты­латынын байқауға бо­лады. Үйлену то­йын­да қызды жұбату үшін айтылатын «Жар-жарды» Наурыз ме­ре­кесіне орай, қыз-жігіттердің әзілдесуі, жұмбақ жарысы түрінде де қағытпа өлең-жырға ұласа берген. Әркім өзінің талантына қарай, той үстінде төгіп-төгіп айта беретін болған. «Алып келген базардан қара насар, қара құй­рық сәукелең шашың ба­сар» десе, бірі «Жаз­ғытұры ақша қар жау­мақ қайда, құ­лын-тайдай айқасқан оң жақ қайда?» деп те жауап қайтарып, Наурыздағы көңіл күй­ді, қора, мал, дастарқандағы ақты да өлең­ге арқау ете берген.

Татулық, молшылық, ырыс, берекенің нышаны болған Наурыздай ұлық күнде қазіргі композиторларымыздың әндерін айту да орынды. Дегенмен ертеректе Наурызда атқарылған салт-дәстүрді қалың көпшілікке мұражайға қойылған, мұрағаттарда сарғайып қалып кеткен бұрынғының сарқыншағы іспетті ертегі не көрініс қылып көрсетпей, шынайы өмірде айтысып, жарысып көрсетсе, қандай ғанибет?! Сол бұрнағы дәстүрдегі ғұрыптық ән-жырларымызды жаңғыртар болсақ, той үстінде жұмбақ та, жаңылтпаш та айтқызып, бәдік өлеңмен ауруымызды қуып, әзіл айтыстармен Наурызымызды көмкеріп жатсақ, мектеп жасындағы жастар да бай ауыз әдебиетімізден үлгі алып, қанық болмас па?!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста