Өркениет

Назима шымкенттік табынушыларымен кездесуге шықпай қалды

  • Назима Жәнібекова. Фото: Әншінің желідегі парақшасынан, видеодан кадр

    Назима Жәнібекова. Фото: Әншінің желідегі парақшасынан, видеодан кадр

"Black Star" ұжымының өнерпазы Назима Жәнібекова Шымкентте ұйымдастырылған фанаттарымен кездесуде ортаға шықпады. Әнші өзінің әрекетін адамдардың тым көп жиналуымен түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ.


Назиманың фан-кездесуі Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылған. Алайда ұйымдастырушылар адамдардың тым көп жиналғандығынан әншімен кездесуді өткізбейтін болған.


Шымкент тұрғындары Назимамен кездесуді 5-6 сағат бойы күткенімен, ақыры әншімен кездесе алмаған.


Кейіннен Назима өзінің Insta-storiesіне жазба қалдырып, онда концерттің неліктен болмағанын түсіндіріп берді. Ол жиналған адамдардың саны өте көп болғандықтан, олар бір-бірін таптап кетіп, зардап шегуі мүмкін екенін айтқан.


Сондай-ақ Назима барлық тыңдармандарын өзінің концертінде күтетінін жеткізген.


Алайда өздерінің көптен күткен әншісінің бұл қылығы кейбір тұрғындардың ашуына тиген.


"Сіз көшеде, орталық алаңда кездесу ұйымдастыра алмадыңыз ба? Сауда орталығына сонша адам жинап алып, артынша өзіңіз шықпай қойдыңыз".


"Адамның көп жиналғанын білемін. Бірақ соны елдің алдына шығып айта алмадыңыз ба? Сізді көпшілік 3-4 сағат бойы күтті ғой".


"Сен үшін дауыс беріп, тілеуіңді тілеген жұртқа айтқан алғысың осы ма?".


"Жұлдыз" ауруына шалдығып үлгердің бе? Атақ жинау үшін жасаған арзан хайп сияқты" деп жазды ашуға бой алдырған тыңдармандар.


Айта кетейік, желі қолданушылары арасында әншіге түсіністікпен қарағандар да табылған. 




Көрілген: 349    Пікірлер: 0

жұма, 02.11.2018, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30