Нобель сыйлығын кімдер иеленді?

Нобель сыйлығын кімдер иеленді?

Нобель сыйлығы – жыл сайын берілетін халықаралық сыйлық. Альфред Нобель атындағы сыйлыққа ғылыми зерттеу, әлемді дүр сілкіндірген ерекше жаңалықтар, мәдениет немесе қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар дайындаған азаматтар ие бола алады. Бұл сыйлық 1895 жылы швед өнертапқышы және өнеркәсіп иесі Альфред Нобельдің өсиеті бойынша тағайындалған. Сыйлық көлемі – 1 млн. 100 мың АҚШ доллары. Нобель сыйлығы 1901 жылдан бастап әдебиет, физика, химия, физиология және медицина саласындағы жаңалықтар үшін беріледі. Сонымен қатар бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға арналған іс-әрекеттер де назардан тыс қалмайды.
Әр жыл сайын қазан айының басында Стокгольм және Осло қалаларында Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі жарияланады. Ал марапаттау рәсімі желтоқсанда өтеді. Дәстүр бойынша, 2014 жылғы Нобель сыйлығының иегерлері де белгілі болды. Биыл беделді сыйлыққа әдебиет саласы бойынша француз жазушысы Патрик Модиано, химия саласы бойынша АҚШ ғалымдары Эрик Бетциг пен Уильям Морнер және Германиядан Штефан Хелль, физика саласы бойынша жапондық Нагойя университетінің ғалымдары Исама Акасаки мен Хироси Амано және Санта-Барбарадағы Калифорния университетінен Судзи Накамура, физиология және медицина саласы бойынша Джон О’Киф, Мей Бритт Мозер және Эдвард Мозер, бейбітшілік саласы бойынша пәкістандық Малала Юсуфзай мен үндістандық Кайлаш Сатьяртхи ие болды.Патрик Модиано кім?
Патрик Модиано «адамдардың нацистік басқыншылық кезіндегі тағдырын» баяндап берген еңбегі үшін Нобель сыйлығының иегері атанған. Француз жазушысы Патрик Модиано 1945 жылы Парижде дүниеге келген. Әкесі – еврей, шешесі – бельгиялық актриса. 69 жастағы жазушының шығармалары автобиографиялық туындылар екен. Сонымен қатар шығармалары ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі басқыншылық тақырыбымен тікелей байланысты. Шығармаларында фашистердің басқыншылығына, басқыншылықтың әсерлеріне көбірек мән беретін жазушы Патрик Модиано адам баласы тарихының маңызды кезеңдерін шеберлікпен көрсетеді. Француз жазушысы тарихты терең суреттейтін романдарымен баршаға танымал.
Микроскоп үшін сыйлық алған...
Бұл саладағы Нобель сыйлығы биыл микроскопия саласындағы ғылыми жетістіктері үшін Эрик Бетциг, Штефан Хелль және Уильям Морнерге бұйырды. Аталған ғалымдар флуоресцентті жарық шығаратын молекулаларды пайдаланып, микроскоптың ұлғайту қасиетін бірнеше есеге жақсартқан. Бұл микроскоп өте кіші масштабтағы әр түрлі объектілердің құрылысын зерттеуге үлкен мүмкіндік береді. Жеке молекулалардың бейнесі мен олардың тірі денеде әрекеттесуін осы микроскоп арқылы көруге болады.
Бұл ғылыми жаңалықты ашқан ғалымдардың үшеуі де белгілі тұлғалар.
Эрик Бетциг 1960 жылы АҚШ-та дүниеге келген. 1980 жылы ғалым Корнелль университетінде докторлық диссертациясын қорғаған. Қазіргі уақытта Эрик Бетциг АҚШ-тағы Говард Хьюз атындағы медицина институтында қызмет атқарады.
Штефан Хелль 1962 жылы Румынияда дүниеге келген. Дәл қазіргі сәтте Германияның азаматы. 1990 жылы Гейдельберг университетінде докторлық дәрежесін алған. Қазір Макс Планк атындағы институттың профессоры.
Уильям Морнер 1953 жылы АҚШ-та туған. Докторлық дәрежесін 1982 жылы алған. Қазір Стэнфорд университетінің профессоры.
Жапондар да құр қалған жоқ
Физика саласындағы Нобель сыйлығы 2014 жылы жапондық ғалымдарға бұйырды. Нагойи университетінің ғалымдары Исама Акасаки мен Хироси Амано және Санта-Барбарадағы Калифорния университетінен Судзи Накамура көк жарық диод ойлап тапқандары үшін марапатталды. Ғалымдардың аталған зерттеулері қазіргі заманғы техника мен электрониканы толықтай өзгеріске ұшыратты. Мұндай жетістікке ғалымдар қажетті галий нитридінің кристаллдарын өсірудің нәтижесінде қол жеткізген. Көк жарық диодтары 100 мың сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істей алады. Бұл шамдар қуат үнемдейді әрі қоршаған ортаға зиянсыз. Көгілдір шамдарды смартфондардан бастап теледидарға дейінгі көптеген техника түрлерінде қолдануға болады. Көк жарық диод ойлап тапқан жапондық ғалымдар физика саласында бұған дейін де көптеген жетістіктерге жеткен.
«Ішкі GPS-ті» тапқандар да ілікті
Джон О’Киф, ерлі-зайыпты Мей Бритт Мозер және Эдвард Мозер медицина саласындағы Нобель сыйлығын өзара бөлісетін болады. Ғалымдар «ми жасушалары биологиясы» туралы еңбектері үшін Нобель сыйлығына ие болды. 2014 жылғы Нобель сыйлығының иегерлері кеңістікті бағдарлауға мүмкіндік беретін мидағы орналастыру жүйесін, яғни «ішкі GPS-ті» тапқан. «Ішкі GPS» адамның қайда екенін анықтайды, бір жерден екінші жерге дейінгі жолды табуға, жүріп өткен жолды есте сақтауға көмектеседі. 263 үміткер арасынан іріктеліп шыққан жеңімпаздар мидың кеңістікке бейімделуі туралы зерттеу жүргізген.
Британ-америкалық нейробиолог Джон О’Киф Лондондағы Университеттік колледждің ғалымы. Ал ерлі-зайыпты Мей Бритт Мозер және Эдвард Мозер Норвегияның Тронхейм қаласындағы ғылым және технология университетінде еңбек етеді.
Бейбітшілік саласына да бұйырды
Биылғы бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығын пәкістандық Малала Юсуфзай мен үндістандық Кайлаш Сатьяртхи алды. Екі елдің азаматы болғанмен, мақсат-мүдделері бір. Қос жеңімпаз «балалардың еңбегі қаналмай, мектепке барулары тиіс» дегенді алға тартып, балалар мен жастардың құқығын жаншуға қарсылық танытып, олардың білім алуын қолдағандары үшін беделді сыйлықты иеленді.
Нобель сыйлығына ие болған Малала Юсуфзай 17 жаста. Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Сват аңғарында тұрған жас қыздың аты бүгінге дейін де баршаға мәлім болатын. Ол қыздар үшін мектептердің жабылып жатқанына, әйелдердің әдемі киінуі үшін қойылған тыйымға қарсылық танытқан. Тіпті, сол туралы блог жүргізген. Өзі туып-өскен жердегі қыздардың білім алуы керектігін айтып бас көтерген жас қызға бұған дейін шабуыл да жасалған көрінеді. Малала қазір Ұлыбританияда тұрады.
Ал екінші лауреат Кайлаш Сатьяртхи Үндістандағы балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 30 жылдан астам уақыт күресіп келеді. Өзі мүшелік ететін «Балаларды құтқарамыз» қозғалысы осыған дейін 80 мыңнан астам баланы азапты өмірден құтқарып, олардың білім алуына жағдай жасаған. Бұл ұйым 1980 жылы құрылған, Үндістандағы балаларды қорғау мақсатындағы жалғыз ұйым.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста