"Нұр-Мұқасан" "Айхай, пай-пай 25-ін" тойламақ... (видео)

"Нұр-Мұқасан" "Айхай, пай-пай 25-ін" тойламақ... (видео)

1990-жылдары олар айтқан әннің бәрі хит болды. Бірі салмақты, сырбаз, екіншісі қап-қара қастары қосылған сымбатты жігіттерден құрылған топ «Нұр-Мұқасан» биыл 25-ке толды. Қазақ халқының қалаулы өнерпаздары Нұрлан мен Мұқасан құрған «Нұр-Мұқасан» жай ғана топ емес, олар нағыз дуэт. Сахнада ширек ғасыр бойы жұптары жазылмай келе жатқан қос әнші биыл өздерінің 25 жылдықтарына орай өз тыңдармандарына арнап кеш өткізбек. Осы орайда «Алаш айнасы» «Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі Нұрлан мырзаны әңгімеге тартқан еді.

Қазіргі таңда бүгін құрылып ертең тарап жататын топтар өте көп. Ал «Нұр-Мұқасан 25 жыл бойы өздерінің репертуарындағы «Махаббат мәңгі ертегі», «Құдаша қыз», «Не пайда», «Бақытыңды жырлайды», «Іздеймін сені», «Неткен өмір» секілді әндерімен халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

Нұрлан Қонысбаев: – Біз тоқтағанмен уақыт тоқтамайды ғой, көзді ашып жұмғанша 25 жыл өте шығыпты. Біздің тобымыз құрылған кезде туған бала 25-ке толды. Осы уақыт ішінде талай әндеріміз дүниеге келді. Биылғы жылы осы уақытқа дейін жарыққа шыққан әндерімізді жинақтап, халықтың жадында жүрген әндерді қайта өңдеп жеке концертімізді берсек дейміз. Әрине, бүгін, ертең концерт өткіземіз деп айта алмаймыз, күзге қарай кешімізді өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір жаңа әндер жазып жатырмыз, таяуда Арман Дүйсеновтың «Жылдар» деген әніне бейнебаян түсірдік. Қазір үйде де, түзде де, жолда да жүрсек, концертімізді өткізудің бағыт-бағдарын ойластырып жүрміз.

«Нұр-Мұқсанның» басқа топтардың ерекшелігі де, артықшылығы да олардың кәсіби әнші ретінде екі дауыста шебер орындауы. Алғаш сахнаға шапан киіп, екі домбыра ұстап шыққанда-ақ олардың бір-бірін толықтырып тұратынын халық ерекше бағалады. Екі-үш, тіпті төрт әншіден құралған топтар бәрі бір дауыста ән айтады. Ал өздерінің о бастағы қалыптарын сақтап қалған Нұр-Мұқасан. Екінші дауыста ән айтудың қиындығынан болса керек көп әншілер екінші дауыста ән сала бермейді.

Нұрлан Қонысбаев: – Дуэт музыка тілінде екі дауыста ән айту дегенді білдіреді. Бүгінде белгілі әншілер, ерлі-зайыпты Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер екі дауыста тамаша шырқайды. Мен о бастан екінші дауысты ұстауға бейімделдім. Кез келген әнді таңдағанда мен бірден екінші дауысты ойлап отырамын. Оркестрде әр аспаптың өз орны бар ғой, сол секілді әрқайсымыздың өз даусымызды сақтаймыз. Мен әнге дайындық кезінде әнді бірінші дауыста қосып дайындалам. Дуэт болу үшін де әншілердің бір-бірімен үндесу керек. Сондай-ақ мен домбыраны да екінші дауыста тартамын.

Нұрлан аға 4 бала тәрбиелеп отырған әке ретінде ұрпақ тәрбиесіне қатты назар аударанын аңғартты. Ұлттың болашағына, халықтың ертеңіне алаңдайтын азамат ретінде ана тіліміз туралы ойларын да білдірді.

Нұрлан Қонысбаев: – Шынын айтқанда біз тілімізден айырылып қал жаздадық қой. Бірақ Аллаға шүкір, қазақша әндерді тыңдайтын жастар жоқ емес, жастарымыз имандылыққа бет бұрып келеді. Осыдан біраз жыл бұрын жаз шықса болды қыздарымыз кіндіктерін ашып жүретін. Қазір аз да болса әдіпсіздік азайған секілді. Біз өткенде түрктердің тойына бардық. Сонда әйелдерінің бәрі тізеден төмен көйлек киетінін, иықтарын, омырауларын ашпайтынын, орамал тағатынын көріп риза болдық. Әйел адам әдепті болса, қоғамда бәрі дұрыс болады деп ойлаймын.

Нұрлан қазақ халқын Наурыз мерекесімен құттықтайды!

– Төл мерекеміз Наурыз келе жатыр. Ата-бабамыз ұзынсары келді дейтін. Көктемде қуаты күшті ас ішетін, наурыз көжесін пісіріп, бірлікке шақыратын халқымызды Алла кең пейілінен айырмасын. «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін» көктемде көңілімізді көтере келетін наурыз мерекесінің біз үшін орны бөлек. Баршамызға Қой жылы құтты болсын! Әр күннен әр айдан, әр жылдан жақсылық кұтетін халықпыз ғой. Қазақ елінде тыныштық, бейбітшілік болсын, халқымыздың байлығы таси берсін, өсе берейік, өне берейік!

“Нұр-Мұқасан” тобы «Жылдар»

“Не пайда”

«Қос Қарлығаш»

«Іздеймін»

«Бақытыңды жырлайды»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста