Өркениет

Нұрлан мен Мұрат Үкімет басшының көзіне түсіп, әнші болғандарын айтты (видео)

  • Нұрлан мен Мұрат Үкімет басшының көзіне түсіп, әнші болғандарын айтты (видео)

    Нұрлан мен Мұрат Үкімет басшының көзіне түсіп, әнші болғандарын айтты (видео)

Әнші Нұрлан мен Мұрат бір күнге бар елге қалай танылғандарын айтып берді. Оған бұрынғы Премьер-министр Нұрлан Балғымбаевтың тікелей қатысы бар екен. Бұл туралы олар Ләйла Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» бағдарламасының қонағы болып, берген сұқбаттарында айтты.


«Ләйлә, қалқам-ай» әніміз сол кездегі Премьер-министр Нұрлан Балғымбаевпен табыстырды.


«Мен 30-ға жақындап қалғам, Мұрат колледжде оқиды, құйтақандай, 14-15-тегі бала ғой. Аман да 15-те. Бұлар Нұрмұқасанның «Не пайда», «Тоқта, тоқта» деген өлеңдерін тойға шығып айтатын. Маған ұнады олар, күшті екен, өнерге тарту керек деп ойладым. Ол кезде мен Лұқпанмен жүретінмін. Сөйтіп Мұратпен бас қостым. Алматыға келдік. Бірақ бірнәрсе жетіспейтін секілді болды да қасымызға Ғазиз деген баланы қосып алдық. Сөйтіп «Ләйла, қалқам-ай» деген өлеңді орындап жүргенбіз. Сол ән — Нұрлан Балғымбаевқа (марқұм боп кетті) қатты ұнапты. Сол кісі өнердегі жолымызды ашып берді. Әлі күнге дейін ризалығымызды айтамыз, жақсы кісі. Жаны жанатта болсын!


Сол кісі бір отырыста «Осы балалардың ән айтқаны маған ұнайды» депті. Сөйтсе қасындағы біреу: «Үй, бұл өзіңіздің інілеріңіз, Кіші жүздің балалары» деген ғой. «Ой, қайда, табыңдар оларды» деген. Ол кезде ол кісі Премьер-министр боп тұрған.


Ол кісі қатысқан бір тойға шақырды бізді. Мұндай мүмкіндікті қалай жібересіз? Қолдауыңыз керек деп ағаға жолықтық. «Жарайды, бір кісі хабарласады өздеріне» деді, болды!» , - дейді Нұрлан.


Бұл әңгімені ары қарай жалғанған Мұрат атақты продюссерлер Бақыт Қилыбаев пен Ақтан Сүйіншәлиевтің алдынан қалай бір-ақ шыққандарын баяндап берді.


Барсақ, Бақыт Қилыбаев пен Ақтан Сүйіншәлиев отыр…

— Содан Таң телеканалы ішінде «Гражданы» дейтін Бақыт Қилыбаевтың продюсерлік орталығы болған. Соларға тапсырған ғой, ана жігітті табыңдар, раскрутка жасаңдар деп ақша береді. Біздің продюсеріміз Руша Нұрланды Ақтаудан, Мұратты оқып жүрген жерінен тауып алып, Алматыға алып келді. Барсақ, атақты продюсерлер Бақыт Қилыбаев пен Ақтан Сүйіншәлиев отыр. Ал әндеріңді айтыңдар деді. Гитараны да, домбыраны да ұстатты. Әніміз түк ұнамады оларға. Қабақтары түсіп кеткен. Ресейлік эстраданы көріп келген адамдар ғой…


Содан отырды да рэп айтасыңдар ма деді. Екеуміз бір-бірімізге қараймыз, рэбі несі құрысын деп қоямыз. Қазақтарда рэп болушы ма деп қоямыз тағы да. Олар да қамшылап қоймайды. Рэп оқышы, рэп оқышы дейді. Содан алдында орындаған термемді рэпке ұқсатып «сойып» шықтым. О, деп екеуі шалқасынан түсті. «Бітті, рэп айтасыңдар екеуін» деді. Біз аң-таңбыз. Әлі ойланып тұрмыз. «Таңертең тұрып, жұлдыз болғыларын келсе, біздің айтқанымызды істейсіңдер» деді. «Ойбай», деп екеуміз басымызды шұлғи кеттік.


Осы арада әңгімеге араласқан Нұрлан екі бөлмелі үйге ие боп қалғандарын да айтты.


Бір күнде жұлдыз боп шыға келдік

— Содан сол арада екеуімізге екі бөлмелі үйдің кілтін, жалақы, одан соң «сотовыйдың» жаңадан шығып жатқан кезі, телефон берді қолымызға. Міне, кеше ғана автобусқа 90 теңге іздеп жүрген біз ертеңінде қалтада ақша, белде сотовый, қолда үйдің кілті — шалқайып кетіп барамыз. 


Бір-бір жарым айда клип түсірдік. Сол Таң телеканалы ішінде бір бөлмеде. Бір-ақ камерамен, үстімізде бір киім. Бір жарым аптадан соң клипті алып келді. Ішінде пойыз, тағы бірдемелер жүр, кадрлар қосып қойған ғой. Енді ондай Қазақстанда жоқ ол кезде. Содан ол клиптен Таң телеарнасынан ұдайы берілді. Сөйтіп бір күннің ішінде танылып шыға келдік. Таскиге отырсақ та, базарға барсақ та адамдар танып жатады…



kaz.365info.kz




Көрілген: 994    Пікірлер: 0

сенбі, 10.02.2018, 15:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31