Өркениет

О заманда бұ заман, қыз жігітті айттырушы ма еді...

  • © 1tv.kz

    © 1tv.kz

Танымал емші Аша Матайдың «Қалаулым» бағдарламасын сынап, бала əріптесі Ербосынға қатысты пікірін айтты.


Өзін дүниежүзілік кәсіби емшілер қауымдастығының президенті деп таныстырған Бауыржан Нұржанов телешоу мен бағдарламаларды үзбей қарайтындығын айтты.


«Кеше Аша Матай жүргізетін «Қалаулым» бағдарламасын көрдім. Аталарымыз айтқандай, «ақырзаманда шелектегі су тартылады, қарап тұрған жігітке қыз артылады». Ата-бабамыз қыз айттырған. Қыз жігітті айттырып келді дегенде мен таңғалдым», — дейді кәсіби емші.


Сондай-ақ, Бауыржан Нұржанов халық арасында «Аралдық емші бала» атанған Ербосын Серікбаев туралы пікірін білдірді.


«Емшілік саласында жүрген маман ретінде айтарым, ол балаға қарап, қарным ашады. Қазақ халқы бәрін күлкіге айналдырғанды жақсы көреді. Оның болашағы туралы ойлау керек», — деді емшілер қауымдастығы президенті.


Өзі бағдарламаны қарап отырса да, телешоуға қонақ ретінде баруға асығар емес. Айтуынша, оны Ресейде танымал шоумен Андрей Малахов та студияда қонақ болуға шақырған. Алайда, ол бас тартқан.


«Бірінші басшы ретінде Ресейдегі «Битва экстрасенсов» деген бағдарламаны Қазақстанда түсіруге рұқсатымды бермеймін. Жалпы, бағдарламаларға шақырғанда сенің ең кір жеріңді іздеп тұрады ғой», — дейді Бауыржан Нұржанов.


Aktobenews.kz


 




Көрілген: 2397    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

бейсенбі, 28.09.2017, 11:07

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30