Өркениет

Өлім аузынан қалған Жігер Ауыпбаевтың ата-анасы ол үшін үйін сатуға мәжбүр болған

  • Өлім аузынан қалған Жігер Ауыпбаевтың ата-анасы ол үшін үйін сатуға мәжбүр болған

    Өлім аузынан қалған Жігер Ауыпбаевтың ата-анасы ол үшін үйін сатуға мәжбүр болған

Жуырда ғана Түркияға барып тексерілуден өткен Жігер Ауыпбаев тыңдармандарына жан сырын айтып берді. Ол кішкентай кезінде қатты науқастанып, ата-анасының үйін сатуға мәжбүр болғанын айтып, көз жасына ерік берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші тыңдармандарына бар сырын ақтарып, өзін толғандыратын сезімдерімен, ойларымен бөлісті.


Мәселен, "бала кезіңізде ұйықтар алдында не ойлайтын едіңіз?" деген сұрақ қойылғанда ол көзіне еріксіз жас алып, өміріндегі ауыр кезеңдердің бірін еске алды.


"Шынымды айтайын, отбасымызбен қатты қиындық көрген жандармыз. Бала кезімде мен қатты ауырып, өлім аузынан қалғанмын. Мен аураханада жатқан кезде, ата-анам маған дәрі-дәрмекке деп үйді сатқан еді. Мен оны білмеймін.


Кейін ауруханадан шыққан кезде үйіміз жоқ екенін көрдім. Үйдегі жиһаздардың барлығын әжеміздің үйіне апарып тастаған. Сол кезде мен үшін үйді сатқанын естігенде мен кінәлімін деп қатты, тіпті күні-түні жылағанмын. Түнгі сағат 3-4-терде далаға атып шығып, Алладан басымызға үй сұрайтынмын", - деп айтып берді ол.


Естеріңізде болса, әнші жуырда екі бүйрегі ауырып, Түркиядағы медициналық орталықтардың бірінен тексерілуден өткен болатын. Сүйікті әншісіне алаңдаған жұрт дұға тілеп, оның денсаулығы үшін алаңдап қалған еді.




Көрілген: 1437    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 20.04.2017, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31