Отыз жыл жалаңаяқ жүрген профессор...

Отыз жыл жалаңаяқ жүрген профессор...

Осыдан біраз уақыт бұрын «Алаш айнасы» басына кәстрөл киіп жүретін әйел туралы жазған болатын. Егде жастағы әйелдің әрекетін біреулер көпшіліктің назарын аудару үшін істейді десе, енді біреулер психологиялық ауытқу деп те ойлайды. Бүгін «Алаш айнасы» отыз жыл бойы жалаңаяқ жүрген адамның құпиясын түсінуге тырысты.

Еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінде сабақ беретін ұстаз, ғалым Нұрғали Қойшыбаев қысы-жазы жалаңаяқ жүреді. Физика ғылымдарының докторы, профессордың ғимарат ішінде де, далада да кез келген мезгілде жалаңаяқ жүруін алғаш көргендер ерсі қабылдайтыны заңдылық. Бірақ оның айналасындағы адамдар Нұрғали ақсақалдың бұл кейпіне әбден үйренген.
Жақында жалаңаяқ жүретін ақсақал «Кешкі кездесу» бағдарламасына келіп, өзінің неге жалаңаяқ жүретіні туралы айтып берген еді. Осы бағдарламада Нұрғали Қойшыбаевтың өз аузынан айтылған деректерді оқырман зазарына ұсынып отырмыз.
Нұрғали ақсақалдың айтуынша, ол жалаңаяқ жүруді Африкаға іссапармен барғанда өмір бойы бір шолақ шалбармен өткен физиктің шәкіртінен үйреніпті. Алғашында жалаңаяқ жүруді денсаулығым сыр бергендіктен, мәжбүрліктен үйрендім дейді ол.
Алғашында қысты күні жалаңаяқ жүрген кезде табаны ісіп, іріңдеп те кетіпті. Табанын біртіндеп жалаңаяқ жүруге үйретіп жүрген кезінде кейіпкеріміз айналасындағы адамдардан қысылып, ғимаратқа кіргенде аяқ киімін киіп алады екен. Кейіннен оның өзі де, өзімен бірге жұмыс істейтіндер де, студенттері де Нұрғали ақсақалдың жалаңаяқ жүретініне үйреніп алған.
«Алғаш қыстың күні жалаңаяқ жүргенімді көрген адамдар маған таңғалып, қорқып қарайтын. Полиция қызметкерлері не үшін жалаңаяқ жүргенімді тергеп-тексеріп есімді шығаратын. Келе-келе бұған үйреніп алдық қой. Мен далада да, үйде де жалаңаяқ жүремін. Адам көк пен жердің арасында екі жақтан да энергия алады. Кішкентай сәбилердің еңбегі былқылдап тұрады ғой. Ол көкпен байланыс. Ал табан арқылы адам жерден қуатты энергия алады. Ал біз басымызды да бүркемелеп жауып, табанымыздан да энергия ағзаға берілуіне мүмкіндік бермейміз. Мен 3 жылдай іссапармен Африкада болдым. Сол жақта денсаулықты жақсартудың осындай әдісін үйрендім. Бас кезінде мұндайға менің шыдамым жетпейтін шығар деп едім. Бірақ уақыт өте келе ең алдымен жұқа, жеңіл киіне бастадым. Сөйтіп алғаш ұлпа қарды жалаңаш табаныммен басып көрдім. Сөйте-сөйте қысы-жазы жалаңаяқ жүруге етім үйреніп кетті. Алғашқы кезде табанымды үсітіп те алғам. Үсіктің орны жазылу үшін жақпаған емдік майым жоқ. Бірақ ешқайсысы көмектеспеді. Кейінен уринатерапия қолдандым. Адам нәжісін дәрі-дәрмек ретінде қолдану бұл ғылымда бұрыннан бар. Мен әлі күнге уринатерапияны қолданамын. Бұл туралы көп оқыдым, зерттедім. Қазір өзім 77 жастамын, денсаулығым жақсы», дейді Нұрғали Қойшыбаев.
Жер бетінде Нұрғали Қойшыбаев секілді дәстүрлі емес медицинаны қолданатын санаулы адамдар бар. Олардың бұл әрекетін психологтар адамның өз ішкі сеніміне байланысты қолданатын емдік әдістері деп есептейді. Ал ислам діні тазалыққа қайшы келетін ғылымның мұндай саласын қолдамайды. Өйткені ғылымнан да Аллаға деген сенім күштірек болу керек деп есептейді дінтанушылар. Ал Сіз қалай ойлайсыз оқырман, денсаулықты жақсарту үшін жалаңаяқ жүрер ме едіңіз, ал уринатерапияға қалай қарайсыз?

Айнұр Нұрсабет

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста