Өркениет

Өзге ұлттан қыз алған Бүркіт қазақтың бұрымдыларын өзгеге қимайды

  • Өзге ұлттан қыз алған Бүркіт қазақтың бұрымдыларын өзгеге қимайды

    Өзге ұлттан қыз алған Бүркіт қазақтың бұрымдыларын өзгеге қимайды

Отандық әнші Бүркіт жарын өзге ұлттан алғанымен, қазақтың бұрымдыларын өзгелерге қимайтынын айтты деп хабарлайды «Если честно» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші қазақтың жігіті қай ұлттан қыз алса да балалары қазақ болып қалатынын жеткізген.


«Қазақ жігіті өзі сүйген қызының ұлтына қарамастан үйлене алады. Бірақ, қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шыққаны маған ұнамайды. Себебі, мен басқа ұлттан қыз алсам да балаларым қазақ болады. Ал қыздар өзге ұлтқа тұрмысқа шықса, олардың баласы өзге ұлт болады», - деді әнші.

Бүркіт қаракөз қарындастарын жоғалтып алудан қорқатынын жасырмады.


«Қазақ қыздарының өзгелердің етегінен ұстап кеткені - олардың жоғалғаны. Көптеген бойжеткендеріміз өзге ұлтқа махаббатпен шықпайды. Олар шетелге кетсем бақытты боламын деп ойлайды. Менің де шетелге тұрмысқа шыққан таныстарым бар. Олардың сыртта жүргеніне он жылға жуықтаған, туған жерді аңсайды. Қазақ жігіттері, одан да бәрін қазақтандырайық», - дейді Бүркіт. 




Көрілген: 1556    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.04.2018, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31