Өркениет

Өзім ғана сүттен ақ, судан тазамын - Айнұр Тұрсынбаева

  • © Caravan.kz

    © Caravan.kz

Айтыскер ақын өмірі жайлы сыр шертті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.


"Жасымыз 40-қа келіп қалды.. Енді осы 40-тан көп өмір сүріп 80-нен асып кетеміз бе, жоқ, 50-ден аса алмай қаламыз ба оны тек білуші бір Алла... Бірақ өмір деген ғажап деп айту маған оңай болмады, ғажап қылу өзіме байланысты екенін ұқтым... Анық көзім жеткен нәрсе, біреуді өз тағдырына кінәлі қылған адамның жолы ашылмайды!


Мысалы "күйеуім нашар", "енем күн бермейді", "бастығым оңбаған", "келінім жалқау" деп жан-жағын жау көретін адамға сәтсіздіктер үйір болады.. 100% !!! Бұл менің өзімнің үлкен қателігім еді.. Тағдырыма жұрттың бәрін кінәлі қыла бердім... Өзім ғана сүттен ақ, тазамын... Және жұртты жақтырмаған сайын мінезім ашуланшақ болып кетті...Жұрттың бәрі "саған не болған" дейтін болды, менен алыстай бастады..Сыртымнан өсек көбейді..!


Бір күні миыма бір ой сарт ете қалды.."Тәәәк, маған неге ылғи нашар адамдар жолығады осы, неге мен жұрт сияқты жарқырай алмай қалдым, неге менің жолым сәтсіз бола берді..."


Сол кезде түсінгенім олар емес мен нашар екенмін..! Тек қана өзім кінәлімін бәріне деген программаны миыма қойдым..Сол сәттен бастап өмір өзгерді.. Адамдар да өзгерді, достар да көбейді, көңіл-күйім де өзгерді.. Өмірде ең қиыны өзіңді өзгерту... Ашуланатын кезде өзіңізді тоқтатып үйренсеңіз ақырында ашуланатын адам таппай қаласыз... Жек көретін адамның да жақсы жерін тауып мақтап үйренсеңіз жаныңызда достар көбейе бастайды... Адамдарға қызғанып емес, қызығып қарасаңыз сол қызыққан дүниеңіз көп ұзамай-ақ сізде де болатын болады...


Құдайға шүкірлікті көп айтсаңыз нығметтің астында қаласыз ! Қанағат еткен сайын адамның несібесі көбейе береді... Жүрегіңізді тыныштандырып үйренсеңіз жүзіңізде нұр пайда болады.. Адамның бетіне қарағанда жымиып қараңыз! Үйден кір киіммен шықпаңыз! Көңіл күйіңіз болмаса көпшіліктің ортасына кірмеңіз! Отбасының құпиясын сыртқа шығармаңыз! Ешқашан, ешкімнің алдында ақталмаңыз! Өмір тамаша достар! Мен сіздерді ерекше жақсы көремін...", деп жазды Айнұр ханым басынан өткен өмірі жайлы.


 




Көрілген: 966    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.10.2018, 12:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30