Психологиялық жасыңыз нешеде? Өзіңіз анықтап көріңіз

Психологиялық жасыңыз нешеде? Өзіңіз анықтап көріңіз

Адамның нақты физиологиялық жасы оның психологиялық жасымен бірдей ме? Мамандардың айтуынша адамның шын жасын оның өмір сүріп келе жатқан жылдарының саны емес, психологиялық жағдайы мен өмірде көрген тәжірибесі анықтайды екен.

Ал сіздің психологиялық сағатыңыз қандай жасты көрсетеді?

Төменде көрсетілген 25 тұжырымды оқып, қаншалықты келісетіндігіңізді анықтап, оған мынандай баға беріңіз:

Егер тұжырыммен толықтай келіссеңіз – 4 ұпай;

Егер жартылай тұжырыммен келіссеңіз – 3 ұпай;

Егер тұжырымның бір бөлігімен ғана келіссеңіз – 3 ұпай;

Егер тұжырыммен келіспесеңіз – 1 ұпай.

1.Мен қалжыңдарды жақсы түсінемін, әзілдерді көтере аламын.

2.Менің ішкі түйсігім (интуиция) жақсы дамыған, басқаларды да бірден түсінемін.

3.Менің болашағым көптеген қызықты оқиғаларға толы.

4.Басқалар менімен дос болуды қалайды, мен басқаларға ұнаймын.

5.Маған ұқсамайтын, менің көзқарастарыммен келіспейтін адам да мен үшін қызықты болып, маған ұнай алады.

6.Кішкентай балаларды жақсы көремін.

7.Түрлі қиын тапсырмаларды шешкенді ұнатамын.

8.Қандай да бір істі бастағанда, оны барынша жақсы істеуге тырысамын.

9.Түрлі оқиғалардың себептері мен үшін қызықты.

10.Жұмыстан басқа айналысатын хоббиім көп.

11.Өмірдегі кез келген өзгерістерді жақсылыққа деп болжаймын.

12.Менің жұмысым басқаларға пайда әкелетіндігіне сенімдімін.

13.Армандар мен қияли ойларға салыну мен үшін үйреншікті іс.

14.Жақсы музыка менің көңілімді көтере алады.

15.Жаңашылдықты жақсы көремін, жаңа ойларды қуана қабылдаймын.

16.Қиындықтар алдында бой алдырмаймын, қайта тырысып, дегеніме жетемін.

17.Менің күлкім әр уақытта шын көңілімнен шығады.

18.Ең үлкен сырларым мен құпияларымды айта алатындай досым бар.

19.Физикалық белсенділік, спорт, жаттығулар өмірімнің таптырмас бөлігі.

20.Жаңа адамдармен танысқанды ұнатамын.

21.Қазір қолымнан келмейтін жаңа бір іспен айналысқым келеді.

22.Мен әр уақытта тартымды, сымбатты болғым келеді, соған уақытымды бөліп, тырысамын.

23.Кішкентай қиындықтар менің көңілімді бұза алмайды.

24.Мен өмір сүріп жатқан кезеңім өзіме ұнайды.

25.Менің сәтім түсетін "жұлдызды" уақытым әлі алда.

Ұпайларды өзара қосып, нәтижені оқыңыз.

75 ұпайдан артық

Биологиялық жасыңызға қарамастан, сіздің бойыңыздағы жігер мен күш, өзіңізге деген сенімділік жетіп жатыр. Сіздің достарыңыз көп, болашаққа сеніп, басқаларға мейіріммен қарайсыз. Психологиялық тұрғыдан сіз өте жассыз. Болашақта да осылай қала берсін.

50 – 75 ұпай арасында

Өмір жолында сіз ерте есейіп, балалық шақтың кейбір қызықтарын жіберіп қойған сияқтысыз. Өмірлік қиындықтар мен уайымдаулар, күнделікті қажеттіліктер сізді қарапайым дүниелерден қуанту қасиетінен арылтады. Алайда ол бойыңызға салмақтылық пен жауапкершілік береді. Сіз психологиялық тұрғыдан қарағанда жас емессіз, алайда сізді «кәрі» деуге де болмайды. Сізге кішкене сергектік пен өмірге деген оң көзқарас жетіспейді.

50 ұпайдан кем

Сізді өмірде көпті көрген, жасына қарамай ерте есейген адам деп айтуға болады. Сіз көп нәрсеге шын баға бере аласыз, бірақ осы себепті де көп қызығушылықтарыңыз артта қалды. Мұндай психологиялық жағдай үлкен кісілерге тән. Егер сіздің нақты жасыңыз әлі ондай болмаса, алдағы өмірді қызықсыз өткізбей, оны қызыққа толтыруға тырысыңыз.

Есте болсын, жасыңыз қанша екені емес, өзіңізді қанша жасқа сезінетіндігіңіз маңызды. 

reactor

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста