Өркениет

Ринат Зайытов неге достарының үйіне қонаққа бара алмай жүргенін айтты

  • © Altaynews-kz

    © Altaynews-kz

Жолдас балалардың үйіне қонаққа барудан қалдым. Олардың балалары мені бір кездері Ninety one тобын сынағаным үшін жек көреді. "Үйге жолатпаңдар" деп айтады екен. Осылай деп күлді Ринат Зайытов отандық бағдарламалардың бірінде.


Айтыскер ақын Ринат Зайытов өзін жек көретін адамдардың көбейіп кеткенін айтты. Олардың арасында балалар да бар екен.


"Қазір бәрін қойдым. Бұл үлкейгенімнің белгісі емес, бар болғаны мені жек көретін адам көбейіп кетті. Жолдас балалардың үйіне қонаққа барудан қалдым. Өйткені олардың балалары мені жек көреді. "Ninety one тобын ұнатпайды мынау. Үйге жолатпаңдар" деп айтады екен", — деді Ринат Зайытов Қазақстан арнасының "Түнгі студия" бағдарламасында.


Әрі қарай ақын айтыста жүріп алған жүлделерінің ең ерекшесі туралы айтып берді.


"2001 жылы Астана қаласына "Тазша бала" деген байқауға келдім. Сол кезде Тұрсынбек бас жүлде, мен бірінші орын алдым. Тұрсынбекке ас үй жабдығын, ал маған ыдыс-аяқ берді. Ол бізге не үшін керек деп ойладым. (Күлді.) Оның үстіне екеуіміз де ол уақытта үйленбегенбіз", — деді айтыскер ақын.


Алматы облысында келін енесін соққыға жығып, суықта үйден қуып шықты


Сөз соңында Ринат Зайытов шабытты телефонмен қоңырау шалып шақырып алатынын айтып әзілдеді. Сондай-ақ, шабытты моншада жуынғаннан алатын журналист ағасын еске алды. Айтуынша, кейде адамның үстіндегі киімі шабыт алуға кедергі жасайды.


Sputnik


 




Көрілген: 891    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.10.2018, 21:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31