Өркениет

Ринат Зайытов тағы да қатты айтыпты. Жанашыр тыңдармандары ақынның ендігі жағдайына алаңдаулы

  • © caravan.kz

    © caravan.kz

Әлеуметтік желіде Ринат Зайытовтың кезекті бір айтысының бейнежазбасынан үзінді таралып жатыр. Онда ақын қазақтың бүгінгі жайы туралы ащы шындықты айтқан. Сөйтіп, ол көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.


Бұл биыл мамыр айында Ақтөбеде өткен «Ақтөбем менің еңселі, жырыма қосам мен сені» атты ақындардың республикалық айтысының бейнекадрлары болып шықты. Онда Ринат Зайытовтың астаналық Нұрмат Мансұровпен сөз сайысынан үзінді берілген.


Ринат өз кезегінде мынадай жыр жолдарын айтыпты:

Ал енді жыр толғайын Қасымдардай,

Қақпасы жүрегімнің ашылғандай.


Несіне ақынмын деп арқаланам,

Алты ауыз сөз айтпасам асылдардай.

Бермесең бермей-ақ қой бас жүлдеңді,

Бастайын бойымдағы тасқынды енді.

Жағынған жасықтарды марапаттау


Онсыз да біздің елде дәстүрге енді.

Талайдың естігенде былжырағын,


Ызадан күн жылдаым, түн жыладым.

Қысық көз емес, бірақ қазағымның

Намыссыз болғанына қынжыламын.


Бір қытай жерімізге көз салады,

Бір қытай қызымызға сөз салады.

Ей, қазақ, оянатын кезің келді,

Жігерің жетпіс жылда тозса-дағы.

Бес елі сорым тұрса маңдайымда,

Өзімді өтірікпен алдайын ба?

Қымызым кетсе жаудың таңдайында,


Осы жалынды сөздерге риза болған жұрт қайта-қайта шапалақтаумен болған.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының 85 жылдық мерейтойына арналған бұл айтыстың бас жүлдеге тігілген 2 миллион теңгесін қарағандылық Төлеген Жұманов жеңіп алды. Ал Ринат Зайытовқа бірінші орын бұйырған. Жүлделерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі табыстапты.



Бердібек Сапарбаев Ринат Зайытовқа жүлде тапсырып тұр. Фото - aktobetv.kz 


caravan.kz




Көрілген: 4625    Пікірлер: 3

бейсенбі, 09.11.2017, 14:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31