Өркениет

«Рух» байқауына қанша қаржы бөлінгені белгілі болды

  • «Рух» байқауына қанша қаржы бөлінгені белгілі болды

    «Рух» байқауына қанша қаржы бөлінгені белгілі болды

Бұл туралы байқау жұмыстарын қабылдау аяқталғандығы туралы баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Әбіл Жоламанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Еліміз ғана емес, халықаралық деңгейде белгілі болған байқаудың жүлде қоры да осал емес. Елдің мәдениет саласында айшықты оқиға ретінде назар аудартқан байқау Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді ілгерілетуге және қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде танытуға ықпал етпек.


«Әр аталымның Гран-при иегері дипломмен марапатталады және 2 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Ал әр аталымның 1-орын иегері де дипломмен және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық иеленеді. Сонымен қатар, жалпы ұйымдастыру жұмыстары мен жүлде қорын қосқанда 61 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр» деді министрлік өкілі.


Сонымен қатар, Әбіл Жоламанов жаһандану қатерлеріне қарсы лайықты ұлттық қорғаныс жолдарын қалыптастырудың қажеттілігін атап өтті.


Байқау:


Проза - роман, повесть;

Проза - әңгіме, эссе;

Поэзия - поэма;

Поэзия - өлеңдер топтамасы;

Үздік драматургия;

Үздік әдеби сын;

Поэзия - балаларға арналған өлеңдер;

Проза - балаларға арналған шығармалар қатарлы 8 номинациядан тұрады.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұйымдастырушылар байқауға қанша туынды қатысып жатқанын айтқан болатын.


Ержан Жаубай




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.12.2017, 15:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31