"Сағындым сағым жылдар"

"Сағындым сағым жылдар"

Көмекейінде қоңырау тұрғандай сыңғырлаған әнші Мәдина Ералиеваның бағын жаққан әсем әндердің бірі композитор Гүлнар Дәукенованың «Сағындым сағым жылдар» әні болатын. Шығармашылық тағдырлары үйлескен әнші мен композитор бұл әннен бөлек «Шыңдағы шынарым-ай» әнін әуелетіп жүргенде, ақын Мұқағалидың сөзіне жазылған Дәукенованың «Күрең күзі» Мәдинаның да қоштасу әніне айналарын кім білген?! Бұл әннің тарихы бөлек. Ал «Сағындым сағым жылдар» туралы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор әрі күйші Гүлнар Дәукенова былай әңгімелейді.

– Композитор ретіндегі тұңғыш шығармам, елдің жүрегінен шыққан алғашқы әнім де «Сағындым сағым жылдар» болды. Биыл бұл әннің дүниеге келгеніне жиырма жыл болды. Сағыныш дейтін адамның жанын жегідей жейтін, өткенінен қол үздірмей, болашағына қарай алып жүретін ерекше сезім. Адамның бүкіл өмірі сағыныштан тұратындықтан, халық бұл әнді жүрегіне жақын қабылдады. Өйткені, бұл ән менің шынайы сезімімнен туды, жылап отырып жаздым.
Алдымен әуенін жазып алдым. Негізінен мен әнді шығарғанда емес, әншіге беретін кезде қиналамын. Өйткені, осы әнді орындайтын әншінің дауыс диапазоны, оны қай деңгейде шырқайтыны мазалайды. Ән туғаннан тыңдарманға жеткенше тынымсыз жұмыс істейтінім де сондықтан.
Бұл әнді жазған кезде Мәдинаның халыққа кеңінен танылған кезі еді. Мен де оның дауысына мән беріп, «Қоғалы-айын» ыңылдап айтып жүретінмін.
«Сағындым сағым жылдар» шыққан соң Мәдинаның дауысына салып айтып көрсем келетін сияқты көрінді. Сөйтіп жүргенде Республика Сарайында үлкен концерт өтетін болды. Менің «Жасай бер, Қазақстаным» дейтін бірінші күйіме «Салтанат» би ансамблі «Дала әуендері» деген композиция қойып жатқан. Сахна жанында биді көріп тұрсам, Мәдина Ералиева келе жатыр екен.
– Ой, неғып тұрсың? – деді.
Мен: «Күйіме би қойылып жатыр еді, соған қарап тұрмын», дедім. Әрі жоғары деңгейде, аса лауазымды адамдардың қатысуымен өтіп жатқан концертте күйіме би қойылғанына өзім де қуанып тұрған едім.
– Гүлнәр, сенің ондай да өнерің бар ма еді? – Мәдина таңдана сұрады.
– Мәдина, менде сізге арналған ән де бар, – деп шетке алып шығып, сөзі жоқ, екі жолын ғана айтып беріп едім, ол әнді бірден ұнатып, аламын деді. Содан кейін екеуміз біраз жұмыс істедік. Бірақ, үнемі уақыты болмайды. Телефонмен сөйлесеміз, әннің партитурасын да жасадым. Сосын жеті ай дегенде барып, «Әуен» студиясында осы әнді жазатын болдық. Ол кезде әннің мәтіні әлі жоқ болатын. Содан кейін ақын Шөмішбай Сариевқа хабарласып, ән жазғанымды, сөзін өзі жазғанын қалайтындығымды айттым.
Ол кісі келесі күні түскі үзілістен кейін жұмысына келуді сұрады. Ал мен Құрманғазы оркестрінде қызмет жасайтын кезім. Барсам, ақын ағамыз жоқ, орнында бірнеше қыз отыр.
– Шөмішбай аға жаңа ғана хабарласты, сізді күтсін деп айтты. Күтіңіз, күтіңіз, – деді олар.
Бір уақытта асығып ақын да келді:
– Түс кезінде көзім ілініп кеткен екен. Сол арада марқұм анам түсіме кіріп: «Әй, тұрсаңшы, тұр! Ана қыз сені күтіп отыр» дегені. Орнымнан атып тұрып, кабинетте отырған қыздарға хабарласып, сен кетіп қалмасын деп тапсырғанмын. Бұл қыздың қасиеті бар-ау деп ойладым, – деді Шөмішбай Сариев.
Ол кезде ән жазатынымды ешкім білмейді, танымал ақын композитор талғамай осылайша, әннің сөзін жазып беруге келісті. Ішінде сағыныш, күз деген сөздер болса екен дегендей өтінішімді айттым. Ертесіне таң алдында ақын ағамыз өзі хабарласып, әннің сөзі дайын болғанын айтты. Композиторлық қадамыма қатысты да өте жақсы лебіздерін білдірді.
Осылайша «Сағындым сағым жылдар» жиырма жыл бұрын Тараз қаласында өткен алғашқы Әйелдер форумында орындалды. Мен оны теледидардан көрдім. Осы әнді магнитофоннан тыңдап отырсам, теледидардан да қосылып Мәдина Ералиева шырқап тұр. Өз әнімді өзім естіп, мәз болып қуанып, телефоннан таныстарыма, туыстарыма, «Тыңдаңдаршы, менің әнім теледидардан беріліп жатыр» деп айтқым келіп, бір жағынан тыңдағым келіп жүргенде ән де аяқталды. Ешкіммен де қуанышымды бөлісіп үлгере алмай қалдым.
Сөйтіп тұрғанда тікелей эфирден журналист қыз әншіден жаңа әннің жай-жапсарын сұрап еді. Мәдинаның аузына тек менің атым түсті. Фамилиямды білмейтін де болса керек.
– Гүлнар… деген қыздың әні, – деді Мәдина.
Қарап отырсақ, Гүлнар Дәукенова көп ән жазбаған. Композитор 30-40 шақты әнім бар дейді. Аз болса да саз жазылған әндерінің көпшілігі халыққа танымал. Осы заманның тілімен айтқанда бірқатары хит болған. Мұның бір себебін Дәукенованың дарынынан, бір қырын кәсіпқой күйшілігінен де іздеуге болады.
Қазақтың аяулы қызы, ардақты әншісінің өмірден өткеніне биыл 14 жыл. Тірі болса Мәдина Ералиева 60 жасқа келер еді. Қысқа ғұмырында күмістей сыңғырлаған дауысымен күллі қазақ халқының жадында қалды. Ән бар жерде – Мәдина бар!

«Егемен Қазақстан»

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста