Өркениет

"Сақалға бола сектаға қоспа". Балғынбек Имашев Жүрсін Ерманға өкпесін айтты

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Белгілі айтыскер Балғынбек Имашевтің әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваның шығармашылық кешіндегі айтысы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсіп жатыр.


Видеода Балғынбек Имашев өлең жолдарын бүгінде хитке айналған "из 90" әніне салып айтады.


"...Жүрсіннен бөлінді топ бала, Ішінде Айнұр бар, опана. Одақтан мені, Шығарып таста, жаланы Жүкең жабады босқа. Сақалға бола сектаға қоспа. Біз ханафимыз из девяноста!", - деп өлеңдетті ол.


Негізі бұл шығармашылық кешінде жылан сыйлағаны үшін өзіне ренжіген Айнұрға Балғынбектің берген жауабы екен.


"Жыланнан қорықпа, денеңді бос ұста, сыйлықты саған, бермедім босқа. Айнұрды мәңгі, баладым досқа. Бұл менің кобрам, из девяноста!",- деп бастаған өлеңін Балғынбек ары қарай сарказммен жалғастырады.



Оның пікірінше, айтыста жүрген көп ақын қазір қатты өзгерген.


"...Ол кезде Мэлс Оралдан еді, Дәулеткерейлер оралман еді, Айтыстың сәні Ақмарал менен Кәрима апам, Оралбай еді. Аманжолдарда мақам боп еді, Мұхаммеджанда сақал жоқ еді, Бекарыс киллер аттанған еді, ал Серікзатта атақ жоқ еді", - деп жырлайды ақын.


Айта кетсек, Айнұр Тұрсынбаева жақында сахнада 25 жыл толуына орай шығармашылық кешін өткізген болатын. Кешті Балғынбек Имашев пен Сара Тоқтамысова жүргізді.


 Sputnik




Көрілген: 620    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 09:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31