Өркениет

Сәкен Майғазиев: «Өнер адамы тұрақсыз, ажырасып кетеді» дегенге қарсымын!»

  • Сәкен Майғазиев: «Өнер адамы тұрақсыз, ажырасып кетеді» дегенге қарсымын!»

    Сәкен Майғазиев: «Өнер адамы тұрақсыз, ажырасып кетеді» дегенге қарсымын!»

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, ажырасып, екінші әйел алатындар өнерде ғана емес, барлық сала мамандары арасында бар. Тек ел алдында жүргендіктен, танымалдардың оғаш қылығы бірден байқалып қалады. Сондықтан да не істесем де, өзгелерге үлгі болуды ойлап тұратынын айтады. Бұл туралы Сәкен Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.


– Танылған кезден бастап әйелімді жасырған емеспін. Бізде:

"Өнер адамы болса тұрақсыз, ажырасып кете береді" деген жаман түсінік қалыптасқан.


Жұрттың назарында жүргендіктен, қаңқу әңгімелерге көп ілінетіз біз. Үкіметте жүрген адамдар да, инженер, тракторшылар, әртүрлі салада жүрген азаматтар да ажырасып жатыр. Бірақ оларды ешкім танымағаннан кейін жұрт білмейді. Осы орайда Ескендір Хасанғалиев пен Дарико апамызды, Қыдырәлі мен Қарақатты неге үлгі тұтпасқа, неге соларды көбірек жарияламасқа? – деп журналистерге өтініш білдірді әнші.



Майғазиев кейінгі ұрпаққа өнерімен де, өмірімен де үлгі болуға тырысып жүр. Бұл ретте ол Құдай қосқан қосағы туралы да айта кетті.


– Жақсы жағынан үлгі болуға мейлінше тырысып жатырмыз. Айтайын дегенім, әйелін көрсете ме, көрсетпей ме, әркім өзі шешеді. Ең бастысы, ашық-шашық киінбеуі керек деп ойлаймын.


Аллаға шүкір, адал жарымды көрсетуден арланбаймын.


Ең бастысы, ашық-шашық киінбейді. Аллаға шүкір, 7 жылдан аса уақыттан бері намаз оқиды, – дейді ол ағынан жарылып.


Stan.kz.



 




Көрілген: 1223    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 08:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31