Өркениет

«Салафиттерден құтыла алмай жүргенде»: Қарақат эфирге хиджабпен шыққысы кеп жүр

  • «Салафиттерден құтыла алмай жүргенде»: Қарақат эфирге хиджабпен шыққысы кеп жүр

    «Салафиттерден құтыла алмай жүргенде»: Қарақат эфирге хиджабпен шыққысы кеп жүр

Соңғы кездері қазақ қоғамында салафизм ағымына айтарлықтай қарсылық байқалып келеді. Өйткені, аталған ағым қазақ дәстүрлерін, тарихын, әдет-ғұрпын барынша жоққа шығаруға тырысады. Оның үстіне, Елбасының өзі алдыңғы жылы Ақтөбе мен Алматыда болған лаңкестік оқиғалардың артында салафиттер тұр деп мәлімдеген болатын.

Осылайша, қазақ қоғамы "қауға сақалдылармен", шолақ балақтылармен, хиджаб киген қыз-келіншектерге ашық қарсылық білдіріп жатқан кезде танымал әнші Қарақат Әбілдина хиджабқа оранғысы келетінін айтты.


Тыңдармандарының ойын білу мақсатында ол желіге өзінің оранған суретін жүктеген.

«Бүгін эфирге осылай орамал тағып шыққым келген негізі. Бірақ… Менің оқырмандарымның орамал тағуға деген көзқарасы қандай екен?» – деп Әбілдина жұрттың пікірін сұарады.


Желі қолданушыларының дені орамалдың әншіге жарасатынын айтса, тағы бір топ арабқа еліктемеуді сұрап отыр.«Қазақы сәукелемен шықсаңыз сол әдемі емес пе? Өз дәстүрімізге сай», «Өзіміз салафиттерден құтыла алмай жүрсек мынасы несі? Жарнамаламай тыныш жүріңіз. Сізге қарап қаншама қыз бой түзеп жүр. Оларды түзу жолдан тайдырмаңыз», – деп жазды олар.


Айта кетейік, бір кездері Алтынай Жорабаева да журнал мұқабаларына хиджабпен суретке түскен еді. 




Көрілген: 4088    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31