Өркениет

Салықтан жалтарған Ерке Есмахан мен Ернар Айдардың ісі сотқа берілді

  • Салықтан жалтарған Ерке Есмахан мен Ернар Айдардың ісі сотқа берілді

    Салықтан жалтарған Ерке Есмахан мен Ернар Айдардың ісі сотқа берілді

 Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемеген шоу-бизнес жұлдыздарын сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында көлік салығын төлемегендер бар. Жұлдыздар 400 мың теңгеден аса салық төлемеген.


Атап айтқанда, әнші Ернар Айдар - 205,1 мың теңге, Рано Умарова - 88,8 мың теңге, Жеңіс Ысқақова - 73,2 мың теңге,Ерке Есмахан 41,1 мың теңге берешек. «Бұл азаматтарға қатысты іс материалдары жинақталып, сот органдарына берілді. Сот органдары қарызды өндіру туралы үкім шығарды», - деді баспасөз қызметінен. Салық қарызы туралы ақпаратты электронды сервис арқылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан көруге болады. Қалалық департамент 31 желтоқсанда 2017 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап көлік салығы төлеушінің тұрғылықты жері бойынша төленеді. 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы мәлімет бойынша 90 мың Алматы тұрғыны 4,2 млрд теңге қарыз. Оның ішінде 19213 борышкердің ісі сотқа жіберілді. 3 653 адамға шетелге шығуға тыйым салынды. 2849 адамның мүлкіне тыйым салынды.


inform.kz




Көрілген: 744    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.12.2017, 15:54

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
13 Желтоқсан, 15:53
Бакуден – түркі әлеміне

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31