Өркениет

Самал Еслямова Канн кинофестивалі, гонорары және жоспары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

  • Самал Еслямова Канн кинофестивалі, гонорары және жоспары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен

    Самал Еслямова Канн кинофестивалі, гонорары және жоспары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Самал Еслямова сұхбатында фестивальден кейінгі өміріндегі өзгерістер, Мәскеудегі оқуы, гонорары және алдағы жоспары жайлы әңгімеледі. "Петропавлдан үйден келдім. Кішкене демалдым. Осы жолғы демалыс басқаша болды. Біріншіден, сұхбаттар. Содан кейін туған туысқандар. Әдеттегідей болған жоқ. Уақытым аз болды. Барлығын тез-тез үлгеру керек болды (...)", - дейді актриса. Сондай-ақ, Самал Еслямова журналист болуды армандағанын айтады. "Актриса боламын деп ойлаған жоқпын. Әжем өте жақсы ән айтқан екен. Әкем өзі домбыра тартады. Ал әкем менің өнер жолында болғанымды армандайтын. Өзімнің әпкем сырнайшы. журналист болам дегенде ешкім қарсылық білдірген жоқ. Бірақ сол кезде олар маған биыл теартда курс ашылып жатқанын айтты. Сол кезде папам "осыны көр" деп айтты. Әкем өзі итермеледі", - деп еске алды Самал Еслямова. Мұнымен қоса, актриса қазіргі уақытта көп ұсыныстың түсіп жатқанын айтады. "Ұсыныстар көп. Қазір көп түсіп жатыр. Сценарийлерді оқу керек, оған уақыт керек. Әр рөлге дайындалу керек. Осы кино бітер алдында бір ұсыныс түсті. (...) Ананың рөлін сомдайтын шығармын. Қыркүйек, қазан кезінде. Кейін Еуразия фестиваліне қазылар алқасы болуға шақырды", - деп бөлісті жоспарларын актриса. Сонымен қатар, Самал Еслямова жан дүниесіне жат адамды сомдай алмайтынын айтып өтті. Бірақ, айтуынша, шетелге ұсыныс түссе, актриса кетуге дайын. "Барамын, бірақ көшіп кететін ойым жоқ. 1 жыл уақыт болса барып келіп жүремін. Бірақ азаматтығым Қазақстан болып қала береді", - деді Самал Еслямова. Ал гонорар жайлы сұраққа актриса былай деп жауап берді. "Менің нақты бір гонорарым болған емес. Мен үшін ең бастысы - өнер, ең бастысы - шыққан рөл. Мен бұл өнерге ақша тапсам деп келген жоқпын", - деді Самал Еслямова.  





Көрілген: 984    Пікірлер: 0

сенбі, 09.06.2018, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30