Өркениет

Серік Ибрагимов продюсерінен не себепті кеткенін айтты

  • Алтынбек Рахметов пен Серік Ибрагимов

    Алтынбек Рахметов пен Серік Ибрагимов

Алтынбек Рахметов пен Серік Ибрагимовтың арасындағы әріптестік байланыс ресми үзілді. Бүгінде Серік жеке кеткен, ал бұрынғы басшысы жаңа өнерпаздарды қанатының астына алыпты деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


"Ұсыныс Серіктің тарапынан түсті. Жанұялы болды, балалы болды. Қазір жанымда ұстап, маңдайынан шертіп отыратын жағдайда емес ол. Сондықтан, қанаты қатайды деуге болады. Қанаты қатайғандардың ұядан ұшып кететін жағдайы бар. Оған біз дайын болдық",- дейді продюсер Алтынбек Рахметов.


Серіктің өзі продюсерімен еш өкпе-ренішсіз тарағанын айтуда.


"Негізі уақыт келді. Ойбай, кетіп қалыпты, бет көріспейді деген әңгіме емес. Сондықтан ағамыздың да, менің де бетім ашық. Кез-келген уақытта, кез-келген жерде жүздесіп, амандасып, сөйлесіп кете береміз",- деді әртіс.


Серік Instagram парақшасында, продюсерінің Алтынбек екенін әлі өзгертпеген. Бәлкім, бұрынғы басшысына деген құрметі болар. Ал, Ибрагимовті тойында көргісі келетіндер Рахметовке телефон соғып, тыныштық бермейтін көрінеді.


"Қазірге дейін Серікті менің телефоныма звондап, тойға шақырып тұрады. Бағдарламаларға шақырып тұрады, әкімшінің телефонын беріп тұрамын. Тікелей хабарласа беріңіздер, қазір қолым тимей тұр, жұмыс кестесі өзінде, соған хабарласыңыздар деймін",- деді продюсер.


Айта кететіні, бүгінде Алтынбек мырза жаңа жобаның тізгінін қолға алған. Ол, алдағы уақытта, бірнеше отандық ән додаларының финалисті Райымбек Сатыбалды есімді жас әншінің жұлдызын жағуға ниетті. 




Көрілген: 537    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.12.2017, 11:09

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
13 Желтоқсан, 15:53
Бакуден – түркі әлеміне

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31