Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

ДОСБОЛ БИ. Досбол Қорлыбайұлы бір деректе Қостанай атырабындағы орта жүздің Момын деген атасынан, енді бір аңызда Сыр бойындағы қыпшақтар арасынан шыққан атақты би деп аталады. Досболдың туған жылы да беймәлімдеу. Атақты Ыбырай Алтынсариннің атасы Балқожа би 19-ғасырдың алғашқы жартысында туып, 1860 жылы өлген. Сонда 12 жасынан билікке араласып, Балқожа биден ат мініп, сый-сияпат көріп жүрген Досбол 1844-48 жылдары туылып, жасы тоқсаннан асып қайтқан ғой деп шамалаймыз.
Досбол би жолаушылап келе жатып жортуылда жүрген Қошқар батырға кездеседі. Екеуі де бірін-бірі сырттан естігені болмаса, жүзбе-жүз танымайды екен. Аты-жөндерін сұрасып, амандасқаннан кейін Қошқар батыр:
- Уа, Досбол, сен кімсің? Жиренше шешенбісің, әлде Алдар Көсемісің, маған соны айтшы? - депті. Сонда Досбол мүдірместен: - Төскейге ат толғанда, төбеге топ толғанда - Жиренше шешенмін. Жылжып өтер жер кездескенде Алдар Көсемін, жағаға қол жармасып, жан алқымға таянғанда батырмын, - деген екен.
Тағы бірде Досбол қарауыл Ордабайды ертіп Шекті еліне дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілтектік қып күле беріпті. Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны:
Көлде жүрген қоңыр қаз
Шөл қадірін не білсін?
Шөлде жүрген дуадақ
Көл қадірін не білсін?
Тауда жүріп, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен
Ордабай күлмей, кім күлсін! - дегенде, Ордабай күлкісін тия қойыпты.
Бір күні жиынның ортасында отырған Досбол шешеннен біреу:
Қол бастау қиын ба?
Жол бастау киын ба?
Сөз бастау киын ба? -
Бәрінен сөз бастау қиын,
Тауып айтсаң мереке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады!
деп сұрайды. Сонда Досбол:
- Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңына ерген елің болса.
Азған жерге сұңғыла шығар,
Оның гүлдері шұбар-шұбар.
Дөңбектей тамыры болар,
Сол уын қауынға жаяр.
Қауынның пәлегі солар,
Ер еңбегі зая болар, - депті.

Еңсегей бойлы Ер Есім!
Алдар би 
Құнанбай қажы Өскенбайұлы
Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз)
Махамбет Өтемісүлы 1804 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында
Қожаберген жырау шығармашылығындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай
Базар жырау (1841-1911). 
Сартай Көшкіншіұлы жырау.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды.
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңы
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста