Өркениет

Шымкенттегі байдың тойын ұйымдастырушы көргенін айтты

  • © NewTimes.kz

    © NewTimes.kz

Шымкентте алып торт тарту етілген тойды безендіруші Жан Мұқанов елімізде одан да асып түсетін аста-төк тойлар болатынын айтты.


Бұл туралы музыкалық продюсер, қоюшы режиссер, элиталық тойларды безендіруші Жан Мұқанов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасындағы сұқбатында айтты.


«Негізі, ел торттың бағасына қарап көтеріліп кетті ғой. Бірақ оның бағасын мен атамадым, жазбадым да. Менің ойымша, бұл торттың бағасы әрі кеткенде 30 мың доллар болатын шығар. Ол тойды жасаған жігіттің әкесі-шешесі, ата-әжесі де еліміздегі атақты адамдардың бірі. Жағдайлары бар, күреп табыс тауып жатыр. Олар осындай той жасамаса тағы қандай той жасауы керек? Үйленіп жатқан немерелері. Қайта бұл той көптің көзіне түсіп қалғаны ғой. Әйтпесе одан да асып түсетін аста-төк тойлар болады. Көріп жүрміз ғой. Бір тойда шашуға гауһар тастар шашты. Енді оның шын-өтірігін білмеймін. Шын секілді, негізі. Бірақ, бір қызығы, шашылған гауһар тастар сол арада жайылған қалың кілем ішіне сүңгіп жоқ болды. Оны кім, сипалап жинап жүреді? Артынан даяшылардың тойдан соң теріп отырғандарын көрдімә — дейді ол.


Сондай-ақ Жан Мұқанов сол тойдың иелері үшін қатты уайымдағанын да айтты.


«Тағы бір тойда қалыңдық пен күйеужігіт төбелесті. Қалыңдық туфлиін шешіп, жігітке лақтырғанда оның үшкірі маңдайына қадалды. Сол арада ажырасты ғой екеуі. Фиктивный да тойлар болады. Олардың бәрін ашып айта алмайсың. Көріп тұрсыз ғой, көре алмайды. Бір торт үшін қанша сөз болды? Сол тойдың иелері үшін қатты уайымдадым. Бір торт үшін қаншама сөз естіді? Бірақ соңғы кездері мықты, әдемі қып ұйымдастыратын осындай тойлар азайды» — дейді продюсер.


Еске сала кетелік, бір апта бұрын әлеуметтік желіде Шымкенттің бір тойында 2 тонналық алып торт тарту етіліп, елдің таңданысын туғызған еді. Торттың өзі сарай боп соғылған, ішінде шамдар жарқырап, оған қалыңдық пен күйеу жігіт жеделсатымен көтеріледі. Мұндай ерекше тортты жасауға ресейлік кондитер үш тәулігін жұмсағанын айтқан. Ал бағасы БАҚ беттерінде 60 мыңнан 160 мың доллар аралығында түрлі санмен көрсетіліп берілді. Бағасы жаға ұстатып, ел шулап кеткен соң ресейлік кондитер оны той иелеріне тегін сыйлағанын мәлімдеп еді.


 


365info.kz




Көрілген: 2435    Пікірлер: 0

сенбі, 20.01.2018, 11:26

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31