Өркениет

Шымкенттік күйеуден Құдай сақтасын – Баян Алагөзова

  • Шымкенттік күйеуден Құдай сақтасын – Баян Алагөзова

    Шымкенттік күйеуден Құдай сақтасын – Баян Алагөзова

 Продюсер Баян Алагөзова Шымкент қаласында "Сиситай" фильмінің тұсаукесерінде сұхбат берді.


Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.


Продюсер екінші некедегі жұбайы мен тойы жайында былай деді: "Тойды қарапайым атап өттік! Ол үнемі менімен бірге. Шымкент қаласына менімен бірге келді, үнемі қасымда жүргенін қалаймын, сол себепті менімен бірге жүр. Мен бақыттымын. Өзінің жұмысы көп болса да, менімен бірге келді. Бұл мен үшін өте қуанышты жағдай".


Әрине, тілші Баянның дау-жанжал тудыру танымалдылығын тілге тиек етпей кетпеді. Мысалға айтар болсам, сіз "Қазақстанның атына кір келтірді" немесе "Еліміздің мақтанышы" деп жазатындай соған сәйкес сұхбатты өзіңіз бересіз бе? Бұл сіздің көңіліңізге тимей ме?


- Мен ешкімнің назарын өзіме аударуға тырыспаймын, олар өздері мені тыныштыққа қоймайды. Мені Қазақстанның атына кір келтірді деп айтады, жоқ, олай емес мен үшін. Өз елімді жақсы көремін және ерсі қылық жасап жатқан жоқпын. Өзім жайлы айтылып жатқандарға көңіл аударып, мән бермеймін, оған жүйкем шыдамайды. Мен жайлы айтылып жүр, айтыла да береді", дейді продюсер.


- Мені мазаламауын, мен жайлы айтпауын өтініп сұрадым. Маған ешкім тиіспесе деймін, тыныш өмір сүргім келеді, деп сөзін жалғады.


Және де қарапайым әйел екенін, бәрінен шаршағанын, шымкенттікпен тұрмыс құруды қаламайтынын айтып өтті.


Гендерлік саясат жөнінде продюсер тек алға қарай ұмтылуды қалыпты жағдай санайды. Әлем өзгеруде, адам өзгеруде. Салт сананың ахуалынан шыға алмай жатқандар жайлы әңгіме қозғады. Әйел адамдардың заманына қарай өркендеуін қолдайтынын алға тартты.


Баян Алагөзова не себепті қазақша сөйлемейтінін баяндады:


- Туған тілім қазақ тілін білемін, өзіме орыс тілінде сөйлеу ыңғайлы, мен оңтүстік жақтың тумасы емеспін, яғни ол жақта тәрбиеленбедім. Мен өз елімнің патриотымын.


Баян фанаттарына қол хат бергенімен, көзінің жарақаты салдарынан бірге суретке түсуден бас тартқан.


Otyrar.kz




Көрілген: 2385    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.03.2018, 22:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31