Өркениет

Сиви Махмуди "лақтырып" кетті деп айыптаған әнші жігіт шындықты жайып салды

  • Фото-коллаж: NUR.KZ

    Фото-коллаж: NUR.KZ

Осыдан біраз уақыт бұрын Сиви Махмуди өзі продюсерлік еткен "Саламат" тобының жігіттері "лақтырып" кеткенін айтып, олардың танымал болуына мүмкіндік бермейтінін айтқан болатын. Продюсер өзі айтқан уәдесінде тұрып, "Саламат" тобының әншілерін өнер жолынан алыстатты ма? Бұл жайында NUR.KZ тілшісіне топтың бұрынғы әншісі Нұрман Арыстан айтып берді.


Жас әнші бүгінде өнер жолынан алыстамаған. Керісінше жаңа продюсерімен бірігіп, той әндерін жаздыруға кіріскен.


- Сиви Махмуди "Саламат" тобындағы жігіттердің өзін "лақтырып" кеткені жайлы айтқан еді. Бқл рас па? Продюсерге ескертпестен топты неге тараттыңыздар?


- Сиви ханыммен "Музарт Life" жобасынан кейін таныстым. Эльдар есімді жігіттің орнына "Саламат" тобына келдім. Зиянын көрмедім ол кісінің. Жақсы нәрселерді үйрендім. "Саламат" тобына мен келмей тұрып, болған оқиға шығар. Топтағы жігіттердің отбасылық жағдайына байланысты топтан кетіп қалды. Ал мен жалғыз қалдым. Амалсыздан топтан мен де кетуге мәжбүр болдым. Өйткені өнерімді жалғастыру керек болды.


- "Саламат" тобындағы әріптестеріңізбен бүгінде араласасыз ба? Олар өнер жолында жүр ме?


- Әрине, араласамын. Нұржан Ержанов "Қызылорда-Астана" бағытында бизнесімен жұмыс жасауда. Ал Мәкен Әділхан Жүргеновте 3 курс оқиды. Сиви ханымнан өзім ешқандай қысым көріп жатқаным жоқ. Жаңа дүниелерім шықса, жіберіп, қуанышыммен бөлісіп тұрамын.


- Қазір қандай продюсермен жұмыс жасап жатырсыз?


- Қазір екі ән жаздырып, бейнебаян түсіріп үлгердік. Менде екі продюсер бар. Бірі Нұржан Керменбаев болса, екіншісі Еркебұлан Молдашев. Жасаған жұмыстарымыз түрлі телеарналардан көрсетіліп жатыр. Алдағы уақытта шетелде клип түсіріп, жаңа бағыттағы әндер жаздырсақ деп жоспарлап жатырмыз. Сондай-ақ концерттік бағдарламамен өңірлерді аралаймыз.


- "Меломен" тобының "Ninety one" жігіттерін сабамақ болғанына көзқарасыңыз қандай?


- "Меломендік" ағаларды жақсы танимын. 91 тобындағы жігіттердің өнерін де құрметтеймін. "Ninety one" тобындағы Батырмен жақсы араласамын. Сабамақ болған дұрыс емес шығар. Қазақпыз ғой. Ешкім-ешкімді сабамай-ақ қойсыншы.


- Жаңа жаздырған екі әніңіз де той бағытында. Қасиетті Рамазан айында ішімдік ішілетін тойларға барасыз ба?


- Қазір ауыз бекіту мен ауызашарға асығатын уақыт қой. Тойға шақырып жатса барамын. Ол жерде стақан соғыстырып отырғанға қарамаймыз. Өзімізге тапсырылған жұмысты атқарып, шығып кетеміз. Оның үстіне оразада тойға сирек шақырту аламыз. Бұл айда олай жасайтын адамдарды түсінбейді екенмін. 




Көрілген: 3938    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31