Өркениет

Сиви Махмуди мұнай магнаты саналатын әкесін неге ренжітті?

  • Сиви Махмуди мұнай магнаты саналатын әкесін неге ренжітті?

    Сиви Махмуди мұнай магнаты саналатын әкесін неге ренжітті?

Мұнай магнаты Махмуд Нәлібаевтың қызы әрі танымал әнші Сиви Махмуди NUR.KZ порталының жобасы "Ойбай Life" бағдарламасында әкесімен қарым-қатынасы туралы ағынан жарылды.


Әнші өнер жолында қалталы әкесінің болуы қаншалықты кедергі келтіретінін сөз еткен. Ол әкесінің абыройын сақтап, атына кір келтірмеуі үшін барын салатынын, десе де кей кездері қатты ренжітіп қоятынын алға тартты.


""Мен әрқашан да ата-анамның абыройын ойлап жүретін қызбын. Текті жерден шыққаннан кейін тектілігімізді ұстап жүруіміз керек. Оны сақтап, тірнектеп жинаған абыройды бұлғамай...


Киноның қызығына қатты кіріп кеттім бе, ата-анаммен ақылдаспай "Пиар" жасап кеткен жайым бар. Кейін ата-анам қатты ренжіді, әрине. Біразға дейін ренжіді. Сол кезде істеген дүниеме өзім де қатты ренжідім. Кейін олай жасамауға өзіме сабақ болды. Әкем қатты ренжіді", - дейді әнші.


Әнші сол күндер күйзеліске түскен күндердің бірі екенін жасырмады.


"Қатты күйзеліске түсіп кеттім. Халықтан бұрын мен бірінші әкемді қатты жақсы көремін. Әкемнің жалғыз қызы болғаннан кейін әрқашан да әкемнің атын, абыройын, көңіл-күйін ойлап жүремін. Әкем қатты ренжіп, ауырып қалды деп айтсам да болады", - деп есіне алды Сиви.


 



 





Көрілген: 1527    Пікірлер: 0

сенбі, 08.09.2018, 10:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Желтоқсан, 10:14
    Баланың көңілі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31