Өркениет

Сиви Махмудидің жары Аңсарды көпшілікке көрсетті

  • Сиви Махмудидің жары Аңсарды көпшілікке көрсетті

    Сиви Махмудидің жары Аңсарды көпшілікке көрсетті

 Сиви Махмудидің жары Аңсар Қажымұқанұлы алғаш рет ел алдына шығып, сұхбат берді. Олар отбасылық өмірлерінің қызықтары мен қиындықтарын айтып, жан сырларын ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ.


"Аяқ асты тауға алып кетті. Мен сөз айтады деп ойламадым. Өзі мені алып барды да, "қазір келемін" деп жоқ болып кетті. Сөйтсем маған арнаған неке жүзігін жоғалтып алыпты. Соны іздеп жүріп, бірнеше уақыттан кейін үсті кір-кір болып келіп тұр", - дейді Сиви.


Жарының ел алдында алғаш рет эксклюзивті сұхбат беріп отырғанын айтқан әнші екеуінің алғаш танысқан кездерін де еске алды.


"Көліктің ішінде құрбыларыммен құрт жеп отырғанмын, сосын достарымен бірге жолдасым келді. Қыздарға тиісе бастады", - дейді Сиви.


Сол қыздардың ішінде Аңсарға құрт жеп отырған қыз ұнап қалады.


"Көзі, еріндері сұлу. Қасындағы құрбылары Сивидің жанында көрінбей қалды. Кейін екеуміз қалада жиі ұшыраса беретін болдық. Маңдайымызға кездесу нәсіп болған шығар", - дейді Аңсар.


Сиви болашақ жарын әкесіне ұқсатса, Аңсар да Сивидің бойынан анасына тән ұқсастықтарды аңғарған.


"Сиви өзі көзілдірік тағады, менің анам да көзілдірік киеді. Сосын "анама қатты ұқсайсың" деп айттым. Анар анамызбен танысқанда бойынан әйелге тән қасиеттердің көп екенін байқадым. Жанұялық проблемаларды үйде отырып шешіп, сыртқа шығармау сынды таза қазақтың салт-дәстүріне сай қағидаларды ұстанады екен.


Ол кезде Сиви жас, танымал дегендей көп нәрсеге мойынсынбай, менсінбейтін. Анасына қарап, кейін қызы да осылай болады ғой деп ойладым. Сол себепті ең алдымен анасын ұнаттым ", - дейді ол.


Еске салсақ, Сиви мен Аңсардың үйлену тойлары Дубай қаласында өткен. Жұбайлар бүгінде екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.


NUR.KZ.




Көрілген: 1614    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 02.11.2017, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30