«Сылаң қыз» надандықты сынға алады

«Сылаң қыз» надандықты сынға алады

Өткен жұмада Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театры өзінің VII-ші театр маусымын ашты. Маусымашардың бастаңғысы – Алаш арысы, көрнекті жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың «Сылаң қыз» комедиясы. Қойылымда бай мен кедей арасындағы теңсіздік, әйел теңдігі, сараңдық, надандық, қазақ арасындағы араздық, дау-дамай мәселелері диалогтар арқылы ашып көрсетілген. Қаламгердің цензураны айналып өтіп, астарлап жазған туындысы Кеңес Одағы тұсында саяси қатеге баланып, «Алашорда идеясын театр өнерінде насихаттағаны үшін» Орталық Комитеттің сөгісін арқалайды.
Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдық мерейтойына арналған қойылымды режиссер Самат Алтаев сахналаған. Комедиядағы Жабағы бай образын сомдаған актер Орынбасар Бекмановтың әр сөзінен өз дәуірінің ең маңызды әлеуметтік мәселелері бой көрсетеді. Қазақ ауылдарынан ақ патша үшін алым-салық жинаумен айналысатын оның өн бойынан хакім Абайдың «Болыс болдым мінеки, бар малымды шығындап...Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап...» деген ащы мысқылы көрініс тапқан. Жабағы байды айнытпай сомдаған О.Бекмановты көріп отырып, феодалдық қазақ қоғамының өмірі көз алдыңда болып жатқандай күй кешесің. Мұнан бұрын да негізгі рөлдерді сомдаған О.Бекмановты бұл комедияда тағы бір қырынан таныдық. Қатуланып, қамшысын шошаңдатып, ауыл тұрғындарынан салық жинағандағы сәтінен, ақ патшаның өкілі келгендегі момақан бейнесі көрерменді еріксіз күлкіге бөлейді. Жуан жұдырығының күшімен жұртшылықтан жиналған салықпен қалтасын қампайтқаны бүгінде ел қазынасын тонап, шетел асқан шенеуніктердің кейпін елестетеді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылының өмір шындығы, ел тарихындағы өзгерістер, аумалы-төкпелі кезең комедияда салық жинаушы Жабағының жалғыз қызы Бәтиманың сезіміне шоқ салған қоғамның үш түрлі өкілінің іс-әрекеттері арқылы көрініс табады. Өз қам-қарекетін, өмір сүру салтын, саяси бағытын «Сылаң қызға» түсіндіремін деп қара терге түскен үш түрлі саяси ұстанымдағы жігіттердің епетейсіз қимылдары арқылы мешеу қоғамды барынша әжуалайды. Әсіресе, туы жығылуға шақ қалса да ақ патшаның сойылын соғатын «оқымысты» Хакімнің (артист Н.Байысбек) өзін қара халықтан жоғары қоятын тәкаппарлығы, Маркс пен Ленинді атасынан бетер сыйлап, жырға қосқан Нұрмаш ақынның (Р.Әуелбеков) хат танымайтын Бәтішке «қызыл өлең» арнауы, Әбутәліп мұғалімнің (Ғ.Қаппаров) махаббатын нәзік сезіммен емес, суық қаруымен шатастыра беретін әумесерлігі мен хақ діннен безінген көрсоқырлығы – қаламгердің ащы әжуасына ілігеді. Ал, Бәтима ше? Оның аңсаған арманы – теңдік, еркіндік, бостандық. Осы арманға қол жеткізу жолында бойжеткен күрделі оқиғаларды басынан кешіреді.
Қойылымды қазіргі кезеңнің көрерменіне түсінікті ету үшін режиссер, Жүсіпбек Аймауытов тұспалдап, астарлап айтып кеткен, Алаштың азаттық идеясын жеке кейіпкер етіп сомдаған. Бұл – шығарманы сахналау кезінде режиссердің енгізген тың жаңалығы. Көрермен қойылымды зор ықыласпен қабылдады. «Алаш қайраткерлерінің еңбегін бағалау, соны жастарға жеткізу мәселесі тек ғалымдармен ғана шектеліп қалған сияқты, сондықтан мәдени ошақтар, өнер ордалары бұл іспен тікелей айналысуы керек деп ойлаймыз. Біз «Сылаң қыз» пьесасы арқылы өзіміздің бейбіт күнімізге, азаттықтың ақ таңына аса қиындықпен, бабалардың төгілген қанының арқасында жеткенімізді тағы бір ескерткіміз келді»,- дейді Самат Алтай.
Жалпы «Сылаң қыз» комедиясының көздегені--феодалдық-патриархалдық салтты, мешеулікті сынай отырып, елді оқуға, өнер-білім жолына үндеу. М.Айтжанов жетекшілік еткен қойылым өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе Жабағы бай, Бәтима, Өмірзақ малай, Нұрмаш ақын, Әбутәліп мұғалім, оқыған жігіт Хакімді сомдаған жас актерлердің шеберлігіне көрермен қол шапалақтаумен болды.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста