Өркениет

Талғат Жорабаев Төреғалиға қатысты даулы жазбаның қалай таралып кеткенін айтты

  • Талғат Жорабаев Төреғалиға қатысты даулы жазбаның қалай таралып кеткенін айтты

    Талғат Жорабаев Төреғалиға қатысты даулы жазбаның қалай таралып кеткенін айтты

Біраз уақыт бұрын Төреғали Төреәлі Павлодарда ақсақалға дауыс көтеріп, елдің сынына қалған болатын. Сол сәттерде әнші талғат Жорабаев та осы іске амалсыз араласып кеткен болатын. Төреғалидың ағаларының бірі әншіге хабарласып, қоқан-лоққы көрсеткен. Сол аудиожазба желіге тарап кеткен болатын. Осы оқиғаға орай әнші «Айта берсін» бағдарламасына сұхбат беріп, пікірін айтқан.


«Таралып кеткеннен кейін ол жазбаны ұстай алмай қалдық. Оны таратайын деп те таратқан жоқпын. Әпкем Алтынайға «Тыңдап көрші, мына кісілер осылай деп жатыр. Әрі қарай өз ойыңды айтасың» дедім. Алтынаймен ақылдастым. Ол ашуланып отырып құрбысына жіберіп қойған. Әрі қарай не болғанын өздеріңіз білесіздер ғой, ұстай алмай қалдық. Бірақ кім болса да аузым бар екен деп ойына келген дүниені айта беруге болмайды ғой. Ол нәрсені қазбалай берудің қажеті жоқ. Ол нәрсені мен Аллаға тапсырдым. Біздің қолымыздан ештеңе келмейді»-деген әнші өзіне қоқан-лоққы көрсеткен адамның есімін атамады.



«Қателеспейтін жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Бәріміз қателесеміз. Бірақ бұл дүние бәрімізге сабақ болуы тиіс. Көшенің әңгімесін сахнаға шығармауымыз керек. Мәдениеттің өкілдері болғаннан кейін халық бізге қарап бой түзейді. Балалары өнер адамдарына, айтыскер ақындарға ұқсаса екен деп ниеттенеді. Сондықтан біз үлгі көрсететіндей болуымыз керек»-дейді әнші.


Дереккөз: Reactor




Көрілген: 1770    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жексенбі, 21.01.2018, 22:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28