Өркениет

Тамара Асар Францияда асыранды қазақ баласын кездестіргенін айтты (фото)

  • Тамара Асар Францияда асыранды қазақ баласын кездестіргенін айтты (фото)

    Тамара Асар Францияда асыранды қазақ баласын кездестіргенін айтты (фото)

 Тамара Асар Франция қазақтарының ұйымдастыруымен өткен Наурыз мерекесіне қатысқан еді. Парижде жүрген әнші сахна сыртында қазақ баласын кездестіргенін айтып, оның аянышты тағдырын баяндады.




Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.


“Лувр алаңында наурыз тойы қызған кез еді. Мен саxнаның арт жағында өз кезегімді күтіп, қазақ костюмімді қызықтап келген француздар мен басқа да ұлт өкілдерімен фотоға түсіп, бар білген ағылшыныммен француз тілімді былдырлатып араластырып, жартысын эмоцияммен аузы-басымды жыбырлатып, қолымды сермеп, барлық жестикулияциямды қосып, ойымды жеткізіп мәз боп тұрғанмын.


Жаныма бір француз әйелі келіп, әлдеңені түсіндіре бастады. Бірден түсінбесем де, басымды изей бердім, музыка қатты ойнап тұрғасын қатты тақалып, құлағыма ыссы демімен үрлеп, әлдеңені айтып жатыр, бір сәтте тілден бөлек “сана-түйсігім” қосылғандай болды, тыңдай бастадым. Ол маған бір сөйлемді қайта-қайта айта беріп еді, жүрегім “шым” етті, әлі дұрыс түсінген жоқпын. Қасындағы баланы көрсете береді де. “Mon fils kazakh”- деп қайталай береді, сол сөйлем құлағымда әлі тұр”, – деп бастады әңгімесін әнші.


 


Қазақтың баласын көргенде жүрегі дір ете түскен әнші көп созбай аудармашыны шақырған. Сөйтіп, француз әйелінің қасындағы жасөспірімнің ұлты қазақ екенін білген.


“Мына фотодағы баланы төрт жасында асырап алыпты. Жезқазғандікі екен. Ұлты – қазақ, аты – Мұxаммед. Бірақ қазір екі есімі бар, қазақша-французша. Жасы он төртте. Менің қабылдауымда оның көзі мұңға толы, еңсесі ерке балаға ұқсамайтын сияқты, әлде менің көзіме солай көрінген шығар?


“Тамара Асар, қазір саxнаға шығасың, бұл Франция, Париж, Лувр, Қазақстанның наурызы, елдің, елшіліктің абройы, пора-пораң шығып, саxнада жылап тұрмақпысың?


Жылама, жылама” деп өзімді-өзім іштей тежеп, аутотренинг жасап, бойымның дірілін тоқтатуға тырысып, фотообьективтерге “кезекші жымиюдан” қосып, езуімді күшпен тартып тұрдым да, саxнаға көтеріліп кеттім.


Алланың жазғаны осылай болған шығар, Мұххамед Пайғамбардың аттасы, қазақтың қаны, француздың ұлы Мұxаммед”, – деп түйіндеді сөзін ол.


Stan.kz




Көрілген: 2820    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.04.2018, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31