Өркениет

Танымал әнші өзінің Сары Алмастың әйелі болғанын мойындады (фото, видео)

  • © qazaquni.kz

    © qazaquni.kz

Танымал әнші Ситора Назарова өзінің қылмыс әлемінің серкесі Сары Алмастың (Рыжий Алмаз) әйелі болғанын мойындады.


Бұл туралы Время газеті жазыпты.


Айтуынша, екеуі бес жылдан аса уақыт бірге тұрған. Алайда оның әйелі екенін елге айтудан қорқыпты. Күйеуінің дұшпандары біліп қойса, кесірі тие ме деп ойласа керек.


«Иә, солай ойладым. Екеуміз бес жыл бірге өмір сүрдік. Одан кейін күйеуімді өлтіріп кетті. Жолдасым қылмыс әлемінде танымал, атақты — Сары Алмас болатын. Оның әйелі екенімді ол өлгесін де жасырып жүрдім. Оның дұшпандарынан қорықтым. Бірақ, өмірде бұдан да ауыр сынақтардан өттім. Сондықтан да қазір бұл жайтты жасырмай, айта берсем болады», – деді Ситора Назарова.


Сары Алмаспен танысқан сәтін Ситора былай деп жеткізеді.


«Оның мен жұмыс істеген мейрамханаға қатысы бар болатын. Менің ән айтқанымды тыңдап жүретін. Біраз уақыт бойы соңымнан жүгірді. Бірақ, мен үш ай бойы оның сезіміне жауап қатпай жүрдім.


Мейрамханадағы қайдағы бір әнші қыздың атақты Сары Алмасқа назар аудармағаны намысына тисе керек, қалай болса да жүрегіме жол табуды мақсат тұтты.


Ақырында мен оны үйіме алып келіп, Парвизбен таныстырдым. Ағам мені онымен кездесуге жіберетін, бірақ дер кезінде үйге оралуымды сұрайтын. Күйеуім мені ұзақ уақыт бойы қарата алмады, содан шығар,


қолына қондырғаннан кейін ерекше аялады, құрметтеді», —


дейді әнші.


Өз кезегінде Сары Алмас әйелінің әншілік мансабын құрып беруге тырысқан екен. Алайда оны Қазақстанда емес, Ресейде танымал етуді мақсат тұтқан. Тіпті, Ресейден атақты продюсерді де алдырған.


«Бірақ, дәл осы кезде оны өлтіріп кетті. Кейін күйеуіме арнап естелік әндер жаздым», — дейді ол.


Айта кетсек, Сары Алмасты 1998 жылы Барселонада өлтіріп кетті.


Ол құрған қылмыстық топтың құрамында 100-ге тарта адам болған. Ірі автосалондар, «Арал», «Болашақ» сияқты базарлар, ірі бензин компаниясы, Маңғыстау облысында бірнеше мұнай ұңғымалары мен ойын-сауық бизнесінде үлесі болған. Сонымен бірге, Қазақстан және ТМД бойынша астық сатумен айналысқан.




365info.kz


 




Көрілген: 5191    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

дүйсенбі, 08.01.2018, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 14:33
    Азамат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31