Өркениет

Танымал әнші Төреғалидің әкесімен төбелесуге дейін барғанын айтты

  • © Brod.kz

    © Brod.kz

Танымал әнші Дастан Оразбеков Төреғалидің әкесімен арада орын алған кикілжің туралы айтты. Оның айтуынша, "Хабар" арнасында болған "Жұлдызды жекпе-жек" байқауы кезінде ол Төреәлі мырзамен төбелеске дейін барған.


Бұл туралы журналист Зарина Мүсілімнің "Сөккен әңгіме" деп аталатын жаңа жобасында айтылды.


Сұқбат барысында сахна мәдениеті туралы сөз қозғаған журналист одан аталған байқауда орын алған кикілжің туралы сұрақ қойды.


"Шынымен де болған жайт. Бірақ мен оны ер-азамат болғандықтан, бұл жайтты ашып айту керек деп ойламаймын. Менің ойымша, әрбір ер-азаматтың бойында мінез болады. Оның үстіне, біреу ұрып жатса, оны жай жібере салуға болмайды деп ойлаймын. Ол намыс. Кейде сені біреу сөгіп, қатты айтып жатса, онда үндемей қоя салуға болады. Ал енді беру қол жұмсап жатса, оған көз жұма қарауға болмайды. Бір жағынан Жамбыл өңірінен болғандықтан, бойымызда қызу қан бар. Енді, болған нәрсе болды.

Баласының өнерден хабары бар. Суырып салма ақын. Айтыскер, сөйлеуі, сахнада өзін өзі ұстауы. Төреғалиді бойында мәдениеті адам деп есептеймін. Әкесінің кесірінен оны мойындамау дұрыс емес деп ойлаймын. Жеке өнер азаматы ретінде сыйлаймын. Бәріміз де жас болдық, бәріміздің де қателігіміз болдық. "Жас өспей ме, көкейді теспей ме" дегендей. Ол да басылады. Өзі ойланып, қателіктерін түзейді деген үміт бар", - деді Дастан Оразбеков.


NUR.KZ


 




Көрілген: 1584    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 12.02.2018, 14:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31