Өркениет

Танымал қазақ актрисасы аралас некені қолдайтынын айтты (видео)

  • © instagram.com/saya_orazgaliyeva

    © instagram.com/saya_orazgaliyeva

Қазақстандық белгілі актриса Сая Оразғалиева өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға қарсы емес болып шықты. Аралас некені қолдаған әртістің жанұясы да таза қазақтардан құралмаған. Бұл туралы Hit TV арнасының "Headliner" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


"Менің жалпы аралас некеге мүлде қарсылығым жоқ. Көзқарасым тура. Бәлкім, кейбіреулер мені осы сөзім үшін сөгуі мүмкін.

Бірақ барлығымыз Құдайдың жаратқан пендесіміз. Соны естен шығармайық. Махаббат, түсіністік пен сенім болса болғаны.


Жалпы қазақтарда "өзге ұлтпен некелесуге болмайды" деген наным қалыптасқан", - дейді Оразғалиева.


Саяның сөздерінше, оның арғы аталары да түрлі ұлтқа үйленіп, аралас некені қолдаған көрінеді.


"Отбасымызда ортақ айтылатын сөз бар: "жаман ұлт болмайды, жаман ұл болады". Біз әр түрлі ұлт өкілінің қаны араласқан жанұямыз.

Ата-бабамыздың кейбірінің жұбайлары басқа этнос өкілі. Мәселен, атамнан алты ұрпақ тараған. Әрқайсысы әр түрлі ұлт өкіліне үйленген.


Әпкем татарға тұрмысқа шықса, ағамыз орыстан қыз алған. Қазақтар да бар.


Бірақ мұсылмандық мерекелермен қатар өзге ұл өкілдерінің айтулы мерекелерін де тойлаймыз", - деп ағынан жарылды актриса.


 




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.09.2018, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31