Өркениет

Танымал қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожиннің қазасының мән-жайы белгілі болды (видео)

  • © nomadstunts.com

    © nomadstunts.com

Nomad Stunts кәсіби каскадерлер тобының байланыс менеджері Евгения Ли әртіс-каскадердің алматылық "ТСБ" түнгі клубында Хэллоуин мерекесіне қатысқанын растап, қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді.


Каскадер жәрдем сұрамаған


Евгения Ли берген мәлімет бойынша, 3 қарашада Қасым Жұмағожин әріптестерімен бірге "ТСБ" барында шоу бағдарламаға қатысады. Сценарий бойынша ол арқанға асылған мумияның рөлін сомдаған.


Қасым бұл трюкті орындау үшін, арнайы каскадер жилетін киген екен. Сырттай қарағанда жай киім сияқты көрінетін жилетте адам денесінің төменгі бөлігін ұстап тұратын арнайы белдігі бар.


"Қасымды осы жилет арқылы байлап, іліп қойды. Көрермендер көрген арқан — костюмнің бір бөлігі, ол бос болатын. Қасым мойнындағы арқаннан босап шығуға тырысып жатқаны түсірілген кадрлар — шоу-бағдарламаның бір бөлігі", — деп атап өтті Ли.


Каскадерді үш метр биіктікке іліп қойған. Барда орнатылған іліп қою жүйесі қазақстандық, ресейлік, голливудтық фильмдерді түсіру кезінде талай рет пайдаланылған, дейді баспасөз хатшысы. Бұл жүйе биіктен құлағанда, мысалы, каскадер көпірден төмен секіргенде немесе жарылыс толқынынан ұшып кеткенде және ұшу иммитациясын келтіргенде қолданылады екен.


"Жилет пен оның әр бекіткіші 500 кг салмақты көтере алады. Қасымның салмағы — 75 кг", — деп атап өтті Евгения Ли.


Оның үстіне, қойылым алдында сынақ өткізіпті — Қасымды жоғары көтеріп, ол "бәрі дұрыс" деп жауап берген соң, қайта түсірген.


"Оның қасында тәжірибесі мол кәсіби каскадер болды. Мұндай трюк және іліп қою жүйесімен жұмысты каскадер ешқашан жалғыз өзі орындамайды. Оны қадағалап, керек кезде көмекке ұмтылатын әріптесі қасында болады. Бүкіл каскадерлердің ым-ишара тілі бар, қандай да бір жайсыздықты сезінгенде белгі беріп, трюкті тоқтатады. Қасым бәрі дұрыс екенін білдіріп, бірнеше рет белгі берген", — дейді Евгения Ли.


Қазасының себебі — инфаркт


15 минуттан соң қойылым аяқталып, Қасымды түсіреді. Ол есін жоғалтпаса да, бір түрлі әлсіреп тұрғандай көрінген.


"Әріптестері оны бірден таза ауаға алып шығып, жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсете бастайды. Дәрігерлер аман алып қалуға тырысқанымен, сәлден соң қаза болғанын хабарлады. Бүгін Қасымның туыстары сот-медициналық сараптаманың қорытындысын алды. Онда әріптесіміздің өліміне миокард инфаркті себеп болғаны жазылған", — деп хабарлады Nomad Stunts өкілі.


Әріптестерінің айтуынша, Қасым Жұмағожин — өте тәжірибелі каскадер. Nomad Stunts тобы құрылғаннан бастап еңбек еткен. Одан бөлек, кәсіби цирк әртісі. Қасымның дайындығы өте жоғары деңгейде болатын, үздік отандық және голливудтық фильмдердің түсіріліміне қатысқан, деп атап өтті Nomad Stunts.


Жұмағожинді қашан жерлейді?


"Қасым Жұмағожиннің жерлеу рәсімі дүйсенбі 5 қарашада өтеді. Біз Қасымның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Досымыздан айырылып қалдық, болған оқиғаға әлі сене алмай отырмыз", — дейді Ли.


Қасым Жұмағожин 1984 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Спорттық гимнастикадан спорт шебері. Ижевскте өткен Халықаралық цикр өнері фестивалінде "Алтын аю" жүлдесін иеленген.



Жұмағожин 25 қазақстандық, ресейлік және шетелдік фильмге түсті: "Көшпенді", "Дневной дозор", "Рэкетир", "Неудержимые-2", "Балуан Шолақ", "Коловрат", "Викинг", "Жаужүрек мың бала" және тағы басқа.


Sputnik


 




Көрілген: 907    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30