Өркениет

Танымал қазақстандық музыкант Наzиманың өткен өмірі туралы айтты

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

"А-студио" тобын құрған музыкант Байғали Серкебаев Наzима қатысқан кастингті еске алды.


Серкебаев кезінде қазақстандық жұлдыздар фабрикасы конкурсанттарының вокалдық қабілеттеріне баға берген екен. Бұл жобаға Ресейде танымал әнші Наzима да қатысыпты.


"Дарынды жастар көп болды. Қазір жоғары жетістікке жетіп жатқан Наzиманы айта аламын. Әли Оқапов та фабриканың түлегі. Бұған тікелей қатысымыз болғанына қуанамыз. Үш ай ішінде өз баламыздай болып кетті. Ренат Гайсинмен бірге қатысушыларды іріктеп алғанымыз есімде, Қазақстанның әр облысынан 600-дей адам келген. Сол кезде: "Ренат, қарашы, қандай сұлу қыз. Әнін тыңдап көрейік" дегенмін. Дарынды, ең үздік қатысушылардың бірі еді", — деп еске алды Серкебаев.


Серкебаев Наzимаға "жақсы продюсер табуды" тілейді.


"Оның дарынын пайдаланып, ақша тапқысы келетіндердің емес, жақсы әрі өнерлі адамдардың ортасына түссе деп тілеймін. Жоғары жеткістіктерге жетуіне тілектеспін, оның қолынан келеді", — деді Серкебаев Voice of Astana вокалдық конурысы алдында.


Продюсер Ренат Гайсин де әншіні "өте бағалайтынын" атап өтті.



Жиырма алты жастағы әнші Нәзима Жәнібекова Наzима деген атпен көпшілікке белгілі. Дарынды орындаушы Шымкентте дүниеге келген. Ресейде "Песни" жобасының ақтық сынына шығып, сондай-ақ Тиматидің ерекше көзіне түскен.


Шымкенттік қыз жобаның жеңімпазы атанып қана қоймай, Black Star қатарына қосылды. Ол қазір Мәскеуде тұрады, бір қыз тәрбиелеп отыр.


Sputnik


 


 


 


 




Көрілген: 1795    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.06.2018, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30