Өркениет

Танымал отандық әнші күйеуінің екінші әйел алуына өзі атсалысқан

  • © kaztube.kz

    © kaztube.kz

Әнші Майра Ілиясова жұбайына екінші жар алып бергенін айтты. Zhuldyz.tv арнасының "Сенбілін серуен" бағдарламасына сұхбат берген әртіс араларында бір ғана бала болғандықтан, жарының екінші жар алуына, өзі атсалысқанын айтты.


"Менің жолдасым өте жақсы азамат. Біздің ортамызда бір ғана қыз болды, сосын мен қызым жалғыз болмасын деп, ризашылығымды бердім. Қалыңдық іздегенде әпкемнің қыздарының достарымен өзіміз таныстырдық. Бүгінде олар тамаша отбасы болып отыр, араласып тұрамыз. Немерелерімізбен бір -бірімізге шәй ішуге барып тұрамыз, өте тамаша қызға үйленді. ",-дейді әнші.


Сондай-ақ, ол жарын өз еркімен жібергенімен, бір -бірімен әлі күнге дейін бауыр ретінде араласып тұратындарын айтты.


"Қызым Тоғжан әкесінен алыстап кетпесін, күйзеліс болмасын деп, біз бірден тату жүрдік. Ұрыс-керіс болған емес, содан жаман болдық па?! Тоғжанның бауыры бар. Бізде тұрмысқа шықпаған қыздар көп қой, менің бұл әңгімемді әйел жолдастар жақсы қабылдамауы мүмкін. "Майра керек болса екі-үш әйелді өзі әперсін" деп. Мен екінші отбасына рұқсат беріп, атсалыстым. Кейбір ақылды әйелдер ұл болмаған кезде, бала болмаған кезде рұқсат беріп жатады. Ондай әйелдер әрине ақылды. Қыз кезінен қосылған жарын кім қияды, әр әйелдің өзінің жан сыры, ақылы бар",- дейді Майра Ілиясова.


Бірінші жарына екінші әйелді өзі таңдағанымен, Майра Ілияқызы өзі екінші рет отбасын құруды ойламағанын жеткізді.


"Өз басым екінші рет тұрмыс құратын ойым жоқ. Бірінші жұбайым қазір маған туған бауырым сияқты. Ағасы мен қарындасы сияқты махаббат қалды. Кейбіреулер біздің туыс сияқты араласып жүргенімізге таңғалады",- деді ол. 


Nur.kz




Көрілген: 2553    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.10.2017, 12:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Желтоқсан, 10:14
    Баланың көңілі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31