Өркениет

Танымал тележүргізуші анасы жайлы жантебірентерлік естелігімен бөлісті (фото)

  •  Фото: Instagram

    Фото: Instagram

Еліміздегі белгілі тележүргізуші Әйкерім Есенәлі қайтыс болған анасы туралы желіде керемет жазба қалдырды. Оның осыдан 11 жыл бұрын марқұм болған анасына арнаған сөзі оқырмандардың жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.


Әйкерім осыдан он бір жыл бұрын дүниеден озған анасының туылған күнін бала кезінде қалай қарсы алатыны туралы айтқан. Тірі болса биыл Пайғамбар жасына келетін анасына деген сағынышын да жасырмады. Осы күні жандарында отырып немересін иіскеп, құдаларымен құшақтаса алмағанына өкінішін білдірді.


"Жыл сайын осы күнді тосын сый жасауға талпынып, жиған-терген тиын-тебенге сыйлық алып, үйді жинап қойып, бетін қайта-қайта сүйгіштеп, мойнына оратылып өткізетінбіз. Бірақ кейінгі он бір жылда жыл сайын осы күні мұңайып қалатын болдым. Тірі болса, биыл Пайғамбар жасты еңсерер еді. Құдаларымен құшақтасып, кенже қызынан көрген немересін құшырлана иіскеп отырар еді ортамызда. Шіркін-ай. Жаратқан Жәннаттың ең төрінен орын нәсіп етсінші, бейнетті көп көрген менің асыл анама.


Менің "мама" болғанымды көрмегенің өкінішті. Маған берген шексіз маxаббатың үшін ғана Жаратқан разы болсын, мама", - деп жазды Әйкерім.


Тележүргізушінің жүрек елжіретерлік сағынышқа толы жазбасына оқырмандар да бей-жай қалмады. "Анаңыз иманды болсын. Көрер қызығын артында қалған балаларына жазсын", "Анаңыздың жатқан жері жайлы болсын", - деп жарыса жазды. 




Көрілген: 1637    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 16:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30