Таразда Тұрар Рысқұлов туралы кітап жарық көрді

Таразда Тұрар Рысқұлов туралы кітап жарық көрді

Таразда есімі күллі Түркі жұртына мәшһүр ардақты Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметінің күндерегінің 1 томы жарық көрді. Биохроникалық зерттеу еңбектің авторы – белгілі тарихшы Ордалы Қоңыратбаев. Кітапта ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, азаматтық тұлғасын әлем мойындаған саясаткер, ірі қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым-публицист Тұрар Рысқұловтың 1894-1919 жылдардағы өмірі мен қызметінің тың күндерек мәліметтері қамтылған.

Кітап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының жоспары бойынша шығып отыр. Бүгінге дейін аталмыш орталықта биылға жоспарланған 6 томның 2-ін баспадан шығарды. Сонымен қатар, Алаш қозғалысы мен Жетісу өлкесінің отарлану тарихына қатысты екі кітап та қалың оқырманға жол тартты.

Айта кетейік, ғылыми зерттеу орталығының мақсаты – Түркістан өлкесінің тарихына қатысты кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу, Тараз өңірі мен Әулиеата уезінің тарихы бойынша бұрын жарық көрмеген архив құжаттарын жинастыру, қордаланған материалдардың негізінде көптомдық құжаттар жинағы мен монографиялық еңбектер даярлау. Орталыққа есімі берілген Жүсіп Баласағұн қазіргі Қазақстанның Шу аймағындағы көне Баласағұн қаласында туған. Ғұламаның басты шығармасы - «Құтты білік» - ізгі мемлекетті қалай құру және оны қалай басқару туралы энциклопедиялық туынды болып табылады. «Құтты білік» - ізгі мемлекетте өмір сүретін ізгі адамды қалай тәрбиелеу керек деген мәңгілік сұраққа жауап іздеген түркі тіліндегі алғашқы философиялық-педагогикалық шығарма екенін де атап өткен жөн.

Дария ҚОЖАМЖАРОВА, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
– Орталыққа белгілі маман тарихшыларды жұмылдырып отырмыз. Мақсатымыз – Түркістан өлкесінің тарихына қатысты кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу, Тараз өңірі мен Әулиеата уезінің тарихы бойынша бұрын жарық көрмеген архив құжаттарын жинастыру, қордаланған материалдардың негізінде көптомдық құжаттар жинағы мен монографиялық еңбектер даярлау.

Ордалы ҚОҢЫРАТБАЕВ, Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін ғылыми орталықтың директоры, тарихшы:
– Орталықтың алдағы үш жылға арналған жұмыс жоспары жасалды. Бұл кітап бесінші бағыт бойынша атап айтқанда, «Түркістан тұлғалары» атты серия бойынша жарық көріп отыр. Аты айтып тұрғандай, бұл серия Түркістан өлкесінің тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеуге арналмақ. Бағзы замандағы Қорқыттан бері, кешегі репрессияға ұшыраған Түркістан тұлғаларына дейін қарастырмақпыз. Материалы жеткілікті болып, тереңдете зерттеуге мүмкіндік бар тұлғаларға монография арнаймыз, қалғандарының қызметін салмақты ғылыми мақалалар арқылы ашып көрсетпек ойымыз бар.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста