Өркениет

​Тәуекел Мүсілім қосыла алмай кеткен ғашығы туралы шындықты айтты

  • ​Тәуекел Мүсілім қосыла алмай кеткен ғашығы туралы шындықты айтты

    ​Тәуекел Мүсілім қосыла алмай кеткен ғашығы туралы шындықты айтты

Шоу-бизнесте жүрген сүр бойдақтың бірі Тәуекел Мүсілім. Келбетті актерге қызығатын қыздар да аз емес. Ал актер отбасын құруға қазір асығатын түрі жоқ. Актер «The Эфир» бағдарламасына сұхбат беріп, кезінде қосыла алмай кеткен ғашығы туралы, болашақ жарының образы туралы баяндады.


«Туыс-туғандарымның, достарымның алдында мені ұятқа қалдырмайтын қыз іздеймін. Мысалға менің өзім кейбір ағаларымның үйіне барғым келеді де, кейбірінікіне барғым келмейді. Өйткені үйдегі жағдай жеңгейге байланысты. Сондықтан да күні ертең інілерім үйге кіре алмай қалмайтындай болғанын қалаймын. Үйге қонақ келмесе оның өзі дұрыс емес. Сол себепті ешқашан ұялмайтындай, екірнші жартым үшін қуанатындай, мақтанатындай болғым келеді. Білімді, әдемі, ақылды болуы керек. Бір сөзбен текті болуы керек. Бір рет қана таңдайтын болғандықтан ең жақсысын іздейсің. Кемшіліксіз адам жоқ. Бірақ бойындағы кемшілік барынша аз болғанын қалаймын. Өзімнің жақсы жар, жақсы әке бола алатыныма сенімдімін. Үйдің тірлігін айтқызбай істейтін әйел болғаны жақсы. Мені көзқарасымнан түсінетін, мені толықтай танитын қыз болса деймін. Қалжыңдаса алатын қыздарды ұнатамын»-дейді Тәуекел.

Сондай-ақ актер бұрын қосыла алмай кеткен ғашығы жайлы сырын айтты.

«Бұрын бір қызбен жүріп, қосыла алмай, айырылысып кеттік. Сол кезде ол өте қатты жылады. Анам қызды жылатпа дейтін. Әлі күнге жарымды жолықтырмай жүргеніме мүмкін соның көз жасы да әсер еткен шығар. Ыстық махаббат болды. Бір-бірімізді қатты қызғанып кеттік. Ол басқа қалада, мен басқа қалада болдым. Күнде ұрыс-керіс болып, қиын болып кетті. Соңында мен шаршадым. Жастық шақтың қателігі бұл. Ал қазір дәл сол кез қайтып келсе сол қызға үйленер едім. Ол қыз менің талаптарыма толықтай сәйкес келді. Табиғи сұлулығы, ұяңдығы болды. Ұялшақтығының өзі сондай әдемі болатын»-дейді актер.



Дереккөз: Reactor




Көрілген: 1581    Пікірлер: 1

сенбі, 16.12.2017, 21:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30