Тәуекел Мүсілімнің үйленетіні рас па? (видео)

Тәуекел Мүсілімнің үйленетіні рас па? (видео)

Бір кездері қазақ қыздарының кумирі үндінің жігіттері, голливудтың актерлері болған еді. Кейіннен өзіміздің ауылда да небір сымбатты жігіттер бой көрсете бастады. Бред Пит секілді голивудтың секс-символдары өзімізде де көп екен. Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Нұрлан Әлімжан, Дәстен Шәкір секілді өнердегі сымбатты жігіттеріміз кімнен кем? Сегіз қырлы, бір сырлы, келбеті келіскен қазақ жігіттерінің тізімін ұзыннан ұзақ жалғастыра беруге болады. Бүгін «Алаш айнасы» сымбаттылығы жағынан жас актерлердің көшін бастап тұрған Тәуекел Мүсілім туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынады.

Тәуекел Мүсілім Алматы қаласының тумасы. Ол 1988 жылы 9 желтоқсанда дүниеге келген. Қалада туып-өссе де қазақ тілінде жатық сөйлейді. Тәуекел Алматы қаласындағы №140 мектеп-гимназияны бітірген. Бүгінде шоу-бизнестің жұлдызына айналған Тәуекелдің мамандығы машина жасау саласының инженер-механигі. Жас актердің бір әпкесі, бір қарындасы бар.

Өте келбетті жас жігіт Тәуекелдің бойы 193 см. Ол тек бойшаң, сымбатты жігіт қана емес, ойы да салмақты нағыз қазақ азаматы.

Тәуекелдің достары өте көп. 15 жылдан бері достықтары жарасып, жұптары жазылмай келе жатқан досы Бауыржан Сатов Тәуекелдің ең керемет қасиеті қарапайымдылық дейді. Тәуекел өмірге құштар, әзілді түсінетін адамдарды құрметтейді.

Тәуекел өзінің шоу-бизнестегі қадамын жарнамалар мен бейнеклиптерге түсуден бастады. Ал қазір Тәуекелдің өзі бірнеше бейнебаян түсіріп үлгерді.

Сондай-ақ қазіргі таңда Тәуекел телеарналарда тележүргізуші болып жүр. Ол тек тележүргізуші ғана емес, әнші, актер. Тәуекелдің кинодағы тырнақалды жұмысы Баян Есентаеваның «Махаббатым жүрегімде» атты фильміндегі Дастанның рөлі. Ол өзінің алғашқы рөлін кәсіби актерлерден кем ойнаған жоқ деседі мамандар.

Өзін шоу-бизнесте түрлі қырынан сынап жүрген дарынды жас продюсерлік жұмысты да қолға алыпты. Ол қазір 3 жігіттен құралған «Кемел» тобына және тағы бір әншіге жетекшілік ететін көрінеді.

Таяуда Тәуекел үйленетін болыпты деген сыбыс шыққан болатын. Миллион қыздың арманына айналған Тәуекелдің тек бір қызды ғана таңдайтыны белгілі ғой. Сүйікті актерлерінің отбасын құрғалы жатқанын естіген қыздардың кейбірі тіпті өз-өздеріне қол жұмсайтындарын айтып әлеуметтік желіде Тәуекелге хаттар жазатын көрінеді. Өзіне сырттай ғашық болған қыздарды кішкене сабырға шақырайын деді ме, әзірге Тәуекел шаңырақ көтеретіні туралы ақпаратты растамады. Көрерменнің көзайымына айналған Тәуекелдің дәл қазір басы бос, демек әзірге сымбатты жігіттің жүрегін жаулайтын ару табыла қоймаған секілді. Ал «Махаббатым жүргегімде» фильмінде Дастанның сүйіктісі болып ойнаған Кәмшат, шын есімі Гүлназ Жоланова атты ару мен Тәуекел фильмде ғана бір-біріне ғашық, өмірде жақсы достар екен. Ендеше Тәуекелге ғашық қыздардың әлі де мүмкіндіктері бар. Кім біледі, өнердегі әріптесі Нұржан Керменбаев секілді Тәуекел де әлеуметтік желі арқылы танысқан қызбен отбасын құрып қала ма?...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста