Өркениет

Тележүргізуші Қайрат Нұртас жайлы бар шындықты айтты

  • Тележүргізуші Қайрат Нұртас жайлы бар шындықты айтты

    Тележүргізуші Қайрат Нұртас жайлы бар шындықты айтты

 Тележүргізуші Асхат Садырбай NUR.KZ порталына берген экслюзивті сұхбатында Қайрат Нұртас жайлы өз ойын айтты:


— Өз сөзіңізде «қазақпын деп «показуха» жасамай, қазақ деген атқа лайық болайық» дедіңіз. Иә, оның да себебі бар. Өйткені, бүгін расымен де көзбояушылықтың арқасында «халықтың сүйікті әншісі» атанып кеткендер көп. Ондай өнер адамдары құрмет-қошеметке лайық па?


— Былай түсіндірейін. Мен бала күнімде көпшілікке танымал адамдарды үлгі тұтатынмын. «Қандай мықты кісілер, өз еңбектерімен осындай жетістікке жеткен, әңгімелері тыңдасаң бір әдемі ғой» деп ойлайтынмын. Бірақ есейіп, ақыл тоқтатып, осы журналистика саласына келген соң мен ол кісілермен жақын араластым. Олардың өмірдегі бет-бейнесін көрдім. Былайша айтқанда, «маскасыз» болмыстарын таныдым. Одан кейін көбісінен түңіле бастадым«Ожидание и реальность» дегендей болады ғой…


Мен білемін, біздің көп әншілер жасандылыққа бой алдырады. Тек сахнада әдемі сөйлеп, Instagram-да әдемі пост жазып, әдемі суретін қойып, ал өмірде өздерін қалай болса солай ұстайды. Олай болмайды әрине. Бірақ, бір нәрсені естен шығармау керек. Алланың таразысы тең. Ол адам бір жерде болмаса, бір жерде сүрінеді. «Публикаға ойнаймын» деген арам ойы бір күні бәрібір ашылады. Ондай жағдайларды біз бұған дейін де көріп жүрміз және көре береміз.


Мойындайық, біз, журналистер, соңғы жылдары әншілерді тым әспеттеп, көкке көтеріп жібердік. Мүмкін, мен немесе сіз өз мөлшеріңізді біліп, шектен шықпайтын шығарсыз. Алайда, «жұлдыздар» қауымын күнде жарқыратып шығара беретіндер бар. Соның буына семіріп қалған әншілер бар


Мен біреудің масқарасын шығарып, бетіне басайын деген ұстанымда емеспін. Бірақ, адам сыйлағанның құлы болу керек. Және әр нәрсенің орны бар екенін естен шығармаған жөн. «Аузым бар екен, танымал екем, күшті екем» деген ұстанымнан аулақ болу керек. Мысалы, мен Қайрат Нұртасты атап айтар ем. Оның асып-тасқан кезі есіңізде ме? Мен өз басым ешқашан көрмегем. Оның тарапына қаншама сын-пікірлер, кекету мен мазақтаулар кетіп жатса да, ол ешкімді сынап-мінемеген. Әрқашан өзін мәдениетті ұстай біледі. Енді, әрине, бізде журналистермен дұрыс сөйлесе білетін, халықпен де жақсы қарым-қатынас орнатқан басқа да өнер иелері бар. Бірақ, көбінесе қателесетін жас әншілер. Менің ойымша, оның бәрі тәрбиеге байланысты. Өкінішке орай, халық біреудің баласын тәрбиелей алмайды.


Осы орайда айта кету керек. «Тәрбие туралы сен айтпай-ақ қойшы, өзіңе қарап ал, екі әйел алғансың» деген секілді пікірлерді көзім шалған. Мен — еріккеннен ажырасып, қайта үйленіп жүрген әйелқұмар адам емеспін. Маңдайға жазылатын тағдыр деген нәрсе бар.


Иә, мен үйлендім, балалы болдым. Кейін дәм-тұзымыз жараспай, біз бөлек кеттік. Одан соң мен не істеуім керек еді? Ажырасып кеттім деп өліп қалуым керек пе, әлде әрі қарай өмір сүрмеуім керек пе? Мен қайтадан үйлендім. Өйткені, ұрпақ сүйіп, ата-анама келін сыйлағым келді. Бұл жағдай жалғыз менің емес, мыңдаған адамның басында болып жатыр. Сондықтан, «тәрбие» туралы сөз болғанда жаңағыдай сөздер айтудың қажеті жоқ.


NUR.KZ




Көрілген: 2800    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 27.10.2017, 13:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30