Өркениет

Тоқаевтың ұсынысы Қыдырәлі Болмановтың күлкісін келтірді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Болмановтың айтуынша, қазақта тойдан басқа да проблема толып жатыр. Тойды тоқтатқан күннің өзінде, ел экономикасы өсіп кетпейді.


"Егер біз дамығымыз келсе, тойды емес, шағын және орта бизнесті жолға қоюға күш салуымыз керек. Ал тойдың әңгімесін, сіз айтасыз, Ақанның кезінде де, Біржанның кезінде де айтқан. Бірақ оның экономикаға түк қатысы жоқ. Қазақ әрқашан барын қызығы мен қуанышына шашқан халық. Енді келіп, сонымен алысамыз ба? Той, асаба, фонограмма деп шулаймыз, жалпы онда мәдениет мәселесіне тоқталып, жақсылап жүйелі жұмыс жүргізу керек. Ондай жұмыс жоқ", — деді әнші Төреғали Төреәлі түсірген "Ұлы дала комедиясы" фильмінің премьерасында.


Қыдырәлі Болманов ел ағалары он жылдан бері тойға тиісіп келе жатқанын атап өтті. Айтуынша,экономиканы көтеру, шағын және орта бизнесті жолға қою, отандық киноиндустрияны дамыту мәселелері далада қалып жатыр.


"Күлкім келеді соған. Басқа проблемаларымыз бастан асады. Тойды тоқтатқан күннің өзінде де экономикамыз өспейді", — деп толықтырды ол.


Продюсер ел ағаларының экономикамен айналысудың орнына той-томалаққа тиісетініне ашуланды.


"Егер біз осы қалпымызда отыра берсек, біздің ішкі нарық, экономикамыз ешқашан өспейді. Мәселен, біз ойыншық, шұлық шығарамыз. Бірақ Италия, Қытай, Ресей немесе Беларусь компанияларымен бірдей салық төлейміз. Неге біз отандық өнім шығара тұра, шетелдік компаниялармен бірдей салық төлеуіміз керек?! Неге қазақстандықтар өз ақшасына сырттан келетін тауарларды сатып алып, бәрін шетелге жіберуі керек?", — дейді Болманов.


Оның пайымынша, қаржылық айналым тоқтамай, біздің шағын және орта бизнесіміз ешқашан дами алмайды. Ол дами алмаса, экономика ешқашан көтерілмейді.


Қыдырәлі Болманов Халыққа қызмет көрсету орталығына "жұмысқа тұрды"


"Сол ағаларымыз экономикамен айналысудың орнына, келіп тойға тиіседі. Құдды бір қазақтың тойынан экономикамыз көтерілмей жатқан сияқты… Басқасының бәрін қатырып қойғандай, той, фонограмма деп шулайды", — деп түйіндеді әнші.


 




Көрілген: 2294    Пікірлер: 0

сенбі, 20.10.2018, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30