Алаш баласы, айнаңа қара!

жұма, 28.04.2017



Өркениет

Тоқтар Серіков жары Бейбітке әкесіндей кісілердің көз салғанын айтты

  • Сурет ғаламтор желісінен алынған

    Сурет ғаламтор желісінен алынған

Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуәлиеваға танымал адамдардың көз қырын салып, кей кездері оның өзінен нөмірін тауып беруді сұрағаны туралы туралы "Астана" арнасының "Сырласу" бағдарламасында ашып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.


"Өнерде жүрген қыздардың көбінің тағдырына қарап жүрегім ауырады. Сондықтан қазақ қыздары өнерге келсе де, өзіне, өнеріне жаны ашитын азаматты жолықтырса деген ой. Бейбітке де ғашық болғаным, жасыратыны жоқ, өнерден басталған дүние.


Осы қыздың тағдыры не болады екен деп ойлағанмын басында. Қасында жүрдім, аға болдым, қамқор болдым", – дейді Тоқтар Серіков.


Тоқтар Бейбітке көз салған әкесіндей адамдардың ішінде танымал тұлғалардың болғанын, сол үшін олардың атын атағысы келмейтінін де жасырмады.


"Қарап отырсам Бейбіттің телефонын өзімнен келіп сұрайды біреулер. Сонда олардың ойларын біліп тұрмын. Мына қызды қайдан тауып алсақ болады екен деп… Үлкен жігіттер. Жоқ, менің жүріп жүрген қызым ғой деп бетін қайтаратынмын. Кейбіреулеріне "кейін тауып беремін" деп қылжақтаймын. Кәдімгідей артымнан жүретін олар. Сондайларға күлкім келеді.


Соны көріп тұрып, мен бұл қызды тастап кететін болсам, қолымнан келіп тұрып бір адамға көмегімді жасамасам, суға батырып не өртке тастай саламын ба?" деген әнші Бейбітке деген махаббатының осындай оқиғалардан соң, керісінше жандана түскенін айтады. 




Көрілген: 2063    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 17.03.2017, 16:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30